Мазмұнға өту

Ән

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ән — ең кең таралған музыкалық шығармалар жанры, музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы. Ән мазмұнына қарай (азаматтық, революциялық, лирикалық, еңбек, әзіл т.б.), шығу тегіне байланысты (халықтық, авторлық, қалалық, әскери, балаларға арналған, діни т.б.) және орындалуы мен құрылымына байланысты (жеке дауысты, көп дауысты) болып бөлінеді. Әуендік-интонацация, орындаушылық мәнер-нақышы және шырқау ерекшелігіне сай қазақ әндері Арқа әндері, Жетісу сазы, Батыс Қазақстан мектебі, Алтай әуені, Сыр бойы мақамы тағы басқа болып айқындалады. Халқымыздың ән шығармашылығы негізінен домбыра аспабының сүйемелдеуімен дамыған. Тақпақ-сазды екпіндегі нөсер терме, желдірме-толғаулар және кең тынысты созып айтатын көтеріңкі әндер көбіне халықтық әндерге тән. Қазақстанның кәсіпқой композиторларының әндеріне өмірдегі сан-алуан тақырып арқау болған. Отандық ән жанрының дамуына Абай, Ақан сері, Мұхит, Біржан, Балуан шолақ, Үкілі Ыбырай, К. Әзірбаев, Н. Бекежанов, Л. Хамиди, Б. Байқадамов, С. Мұхамеджанов, С. Кәрімбаев,Ә. Еспаев, Н. Тілендиев, Е. Рахмадиев, Ш. Қалдаяқов, Ә. Бейсеуов, М. Маңғытаев,Т. Базарбаев, Е. Хасанғалиев т.б. елеулі үлес қосты.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2