Чау-чау
| |||
---|---|---|---|
Чау-чау күшігі | |||
Сипаттамалары | |||
Бойы | Төбеті: 48—56 см Қаншығы: 46—51 см | ||
Салмағы | Төбеті: 25-32 кг Қаншығы: 20-27 кг | ||
Шығу тегі | |||
Ел | Қытай | ||
ХКФ классификациясы | |||
Тобы | 5 | ||
Секциясы | 5 | ||
Нөмірі | 205 | ||
Ортаққордағы санаты: Чау-чау |
Чау-чау (ағылш. chow-chow; қыт. 鬆獅犬, тағы қыт. 唐犬) — үй қорғайтын ит, дос, ежелден келе жатқан ит түрі.
Чау-чау шығу тегінен шпицтер тобына жатады. Қанында тибет итінің (мастиф) қаны бар деген тұжырым бар. Арғы жағы аю болды деген сөз ешқандай қайшы сөз келтірмейтін сияқты, бірақ күлгін тілі, бас қаңқасының ұқсастығы, қимылындағы ұқсастық арғы атасы аю екеніне дәлел болатын сияқты.
Қытай елінде таза қанды чауды көпшілік ойына қарамастан жемеген— тамаққа аралас қанды иттер қолданылған, ал таза қанды чаулар ірі аң аулауда және үй қорғауға колданылған. Қазіргі Солтүстік Корея ауылды аймақтарында тамаққа, әдейілеп өсірген бір жылдық чауларды салады. Пхеньян ресторандарында шетел туристеріне деликатес ретінде тапсырыс бойынша чау-чау етінен тамақ берілуі мүмкін.
Аталуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Чау тегі әр түрлі замандарда әр қалай аталған: тибет мастифы, татар иті, варварлар иті, бірақ жүз жылға жакын чау-чау деп аталып келеді. «Чау-чау» атауының келгендігі туралы көптеген пікірлер бар: кемедегі жүк тасуға арналған «chow-chow» деген орыннан, слэнг «chow» — «желінетін» деген мағынада және тағы басқа. Барлығынан сенерліктей екі ғана пікір бар.Біріншісі: чау-чау аты ежелгі «чу» деген ит атынан шықты делінген. Екіншісі: атты шығыс дәмдеуішін сататын ағылшын саудагерлері қойды делінген, өйткені олар Англияда тұратын барлық қытай халқын chows және chinks деп атаған.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Чау-чау тегі ежелден келе жатқан текке жатады, бұған ДНҚ анализі дәлел[1]. Қытай мен Моңғолия құрғақ далалы жерлеріндегі ең алғашқы қасқырдан эволюциоланған ит тегі екенін зерттеулер көрсетеді. Б.з.б 150 жылы салынған қытай барельефінде чауға түрі ұқсас аң аулауға арналған ит безендірілген. Кейінірек итті аң аулауға, бұғы шаруашылығында, қорғаныс ретінде, жүк тасушы ретінде кеңінен қолдана бастады.
- Қытайлықтарға чау-чау 2 мыңжылдықтан аса уақыт таныс. Кейде тағамға қолданады («чау» сөзі тағам деген мағынаны білдіреді), терісінен киім тіккен.
- Таза қанды чаулар буддалық монастырьларда өсіріліп, бапталған.Олар итке арнайы жазулар жүргізген: ата тегін жазған. Қанды тазарту монастырьлар арасында иттерді ауыстыру арқылы жүргізілген.
- Еуропаға алғашқы чау сипаттамасын Тибетте көп уақыт тұрған итальяндық саяхатшы Марко Поло әкелген. Қытай жабық мемлекет болғандықтан, келесі чау туралы ақпарат, Гильберт Уайттың табиғаттану кітабы арқылы Еуропаға 1785 жылы келді.
- Англияда чаулар 1830 жылдары пайда болды. Сол уақыттан бері ағылшын итбегілері текті жақсартумен айналысты.Ежелгі қытай чауларынан қарағанда намыскер, хан мінезді қазір көріп жүрген чаулар ағылшын итбегілерінің нәтижелері.
Қазіргі уақытта бұл ит тегі мәдени саналады. Бірақта өзінің ескі жұмысымен де жеңіл айналыса алады.
Мінезі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бүгінде чау-чауды үй жануары ретінде ұстайды. Ол үйге деген қатты меншігі мен бөтен адамға қатал қарауымен ерекшеленеді. Бірақта агрессиялық, ұялшақтық мінез жақсы тәрбиеленген итке тән емес. Чаулар өзінің адалдығын тек жақын адамдарына ғана көрсетеді. Тәжірбиесі кемдеу ит иесі ит бөтенге санайтындардан аулақтау ұстауы керек. Осындай атақ итті көп сақтандыру компаниялар сақтауға алмайды. Ұрғашысы мен еркек иттер бірге басқа ит тектеріне қарағанда үйлесімді тұрады.Бірақ бұл үй жағдайында иттердің тыныштықта тұратынына кепіл бермейді.
Чау-чау белсенді иттің тегі емес. Егер күнделікті өзіне жеткілікті қозғалыс алып тұрса пәтерлік өмір оған жағады.Күні бойы өзін аулақ ұстап жаңадан үйге келген қонақтарды, адамдарды бақылап жатады.Ит иелері иттің сергектігіне үйренуі керек. Чаулар аз эенргиялық ит болса да олар ойнау, бақылау үшін күні бойы қыдыру уақытын күтуде болады. Бұл жағдай олардың бақытты болуына себеп болады. Тек Stanley Coren құрған рейтингте 77 орынға иегер және де жаңа әмір үйренуде, әмірді орындауда ең жаман топқа жатады. Бірақ иттің көп иегерлері бұл иттің басқа иттерге қарағанда өзгеше санасы бар деп ойлайды. Көп чаулар өзінің жақсы қасиеттерін жетілдіру дайындығында көрсетіп жатады. Мысалы, «Clicker Training» деген методте чаулар қайталанбайтын мәселелерді орындайды. Үйрету кезінде қайталана беретін әмірді орындамай қырсықтық көрсетеді.
Стандарт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ортақ ақпарат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ата тегі: Қытай.
Қамқоршысы: Ұлыбритания
Қолдануы: қорғаныс иті, серік (дос).
Классификациясы FCI: 5 топ. Шпицтер және қарапайым тек.
Ортақ түрі: белсенді, ықшам, мықты, жақсы баланстағы, арыстан тәрізді, тәкаппар, менменшіл, өркөкірек; құйрығы арқасында тығыз жатады.
Тәлімi / темпераменті: тыныш ит, жақсы қорғаныс, көк-қара тіл; жүрісі ерекше. Тәуелсіз, адал, сонымен қосы паңдық мінезі бар .
Басы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бас қаңқасы: жалпақ, кең; көз асты жақсы тамамдалған. Маңдайдан бетіне шығуы бәсеңдеу келген.
Беттік бөлігі: мұрыны үлкен және жалпақ, барлық түрде қара түсті(ақ иттерде мұрнында ақ түс болуы мүмкін, көгілдір және цимтік түстерде түсіне байланысты болады)
Бет аузы: орташа ұзындақта, басталғанынан жалпақ (түлкідегі секілді сүйірленбеген).
Ерні: ерні мен таңдайы қара, қызыл иектері салғастырмалы қара. Тілі күлгін.
Тістері: тістері түзу, жақтары күшті, тым кермет түзу,дұрыс қайшы тәрізді тістеуі(прикус).Бұл үстіңгі жақ тістері астыңғы жақ тістерімен тығыз жабылатынын білдіреді.
Көзі: қошқыл, дөңгелек тәрізді, орташа және таза. Түсі көгілдір және цимттік түстерінде сол түске сай болуы мүмкін. Таза пәк көздері энтропиядан алыс,сондықтан чауларды ешқашан жазаламайды.
Құлақтары: кішкентай,ірі, ұштарында домаланып келеді.Аралары алыс, тік қойылған. Алға қарай еңкейкілеп, бір біріне тартылып тұрады.Бұл итке түнерген көрініс береді. Бірақ әжімді,бос бас терісі толық түнерген көрініске жол бермейді.
Мойны: мықты, көлемді бірақ қысқа емес, иығында кеңінен орналасқан және аздай еңкейтілген.
Денесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Арқасы: қысқа, түзу және мықты.
Белі: мықты.
Кеудесу: кең. Қабырғалары жақсы қойылған, бірақ күбі тәрізді емес.
Құйрығы: жоғары орнатылған, арқада тығыз жатады.
Аяқ қолдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алдыңғы аяқтары: түзу,орта ұзындықта,сүйектері ірі. Жауырыны етті,еңкейкіленген.
Артқы аяқтары: етті. Шабатын буындары төменге қаратылған, осы арқылы ерекше жүріс пайда болады.Ешқашан алға бүгілмейді.
Табаны: үлкен емес, домаланған, мысықша келген, жақсы тіректелген.
Жүрісі: қысқа адым, ерекше жүріс. Алдынға артқы аяқтары өзара параллель және алға қарай қозғалады.
Жүнді жамылғы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жүн түрі: ұзын және қысқа жүнді.
Ұзын жүнді түрі: қалың, әдемі. Негізгі жүні қатты, жұмсақ жүндермен араласып келеді.Санының артқы жағында, мойнында жүндері ерекше көп.
Қысқа жүнді түрі:жүні қысқа,қалың,түзу, тік тұрады.Кез келген табиғи емес жүннің өзгертілуі жазаланады.
Түсі: таза түс — қара, қызыл, көгілдір, цимттік, кремді неме ақ. Көбірек реңді түстер кезедеседі.
Бойы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шоқтығындағы биіктік: еркегі: иығында 48-56 см (19-22 дюйм.) ,ұрғашысы: иығында 46-51 см (18-20 дюйм.)
Жетіспеушілігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жоғарыда көрсетілген нұсқалардан ауытқу жетіспеушілік ретінде саналады.
Еркегі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Еркек иттерде екі дұрыс тұқымдығы ұмаға түсіріліп тұруы қажет.
Қызықты ақпарат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Чауда көк тіл.Бұл туралы ежелгі Қытай аңызы бар: Құдай аспанда жасап жатқанда, қызыққұмар чау аспанның бір ұшын жалайды.Содан бері чаудың тілі көк.
- Ежелгі қытай «чау» валютасы бар.Бірақ қытайша ит «чау» деп аталмайды (сунши-цюань немесе тан-цюань деп аталады).
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Collie or Pug? Study Finds the Genetic Code. New York Times Online. мамыр 21, 2004
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Клуб любителей чау-чау (орыс.)