Тур де Франс
Жарыс туралы | |
---|---|
Күні | шілде |
Аймақ | France and nearby countries |
Жергілікті аты | Le Tour de France (франц.) |
Лақап аты | La Grande Boucle |
Тәртіп | Road |
Жарыс | Professional |
Түрі | Stage race (Grand Tour) |
Ұйымдастырушы | Amaury Sport Organisation |
Жарыс директоры | Christian Prudhomme |
Траихы | |
Алғашқы жарыс | 1903 |
Нұсқасы | 97 (2010) |
First winner | Maurice Garin (FRA) |
Ең көп жеңген |
Lance Armstrong (USA) (7) |
Соңғы жеңген | Alberto Contador (ESP) |
Тур де Франс немесе Франция Туры - әлемдегі ең белгiлi және мәртебелi велосипед жарысы, Францияда жыл сайын өткiзiлетiн көпкіндік сайыс. Бейресми атауы - үлкен топса. «Тур де Франс» веложарысы о баста L’Auto (осы күнгі L'Équipe) үнжарисының жарнамалық жобасы ретінде ұйымдастырылған, оның негізін қалаушы әрі редакторы - Анри Дегранжем, және Париж-Брест (демеушісі Le Petit Journal) мен Бордо-Париж веложарыстарымен бәсекелес болады деп жоспарланған.
Үлкен топса идеясының ауторы Анри Дегранж бірге Париждегі Café de Madrid кафесінде 1902 жылы қарашаның 20 да түскі астанған (дәл сол күні) журналист L’Auto Гео Лефевр (Géo Lefèvre) болып табылады. Le Tour de France көпкүндігінің сәттілігі L’Auto үнжариясы үшін де сәтті болды деген сөз, үнжария жазылушылары 1903 жылғы 25 мыңнан (Турға дейін) Турдан кейінгі 65 мыңға дейін өседі; ал 1908 жылы бұл сан 250 мың жетіп жығылады, ал «Тур де Франс» кезінде 1923 жылы күніне 500 мың данасы сатылған еді. Үнжария тиражының рекорды 1933 жылғы «Тур де Франс» кезінде — күніне 854 мың болған. Бүгінгі күндері Турды «Тур-де-Франс қоғамы» — L'Équipe үнжарисы ішіне кіретін Amaury Sport Organisation (ASO) медиа-холдингының филиалы басқаруда.
Жарыс сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тур де Франс әдетте 21 кезеңнен тұрады:
- Әрбiр кезең бiр күнге созылады.
- Әрбiр жарысушы кезеңді аяқтағанда оның сол кезеңдік уақыты тiркеліп және жалпы уақытына қосылады.
Жарыстық толық ұзындығы - (трасса және кезеңдерi жылда өзгеріп тұратындықтан) 3000 және 4000 км аралығында. Турдың жеңімпазы деп барлық кезеңдердің уақытын қосқанда ең аз болатын жарысшы танылады. Еш кезеңді ұтпай жалпы Турды жеңуге болады (мысалы 1990 жылы Грег лемонд жеңгендей). Жалпы есепте қандай орын алғанын тәуелсіз велоспортшы үшін Турдың бір кезеңінде жеңіске жету өте мәртебе болып саналады. Уақыттан бөлек тағы басқа номинациялар бар:
- мықты спринтер;
- мықты тау жарысушы;
- мықты жас жарысушы.
Бұл номинациялардың жеңiмпаздарына арнайы түстi жейделер тағаындалған.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |