Тоқмақ
Қала | |||||
Тоқмақ | |||||
қыр. Токмок | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Облыс | |||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
42°49′07″ с. е. 75°18′28″ ш. б. / 42.81861° с. е. 75.30778° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°49′07″ с. е. 75°18′28″ ш. б. / 42.81861° с. е. 75.30778° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты |
1825 | ||||
Қала статусы |
1867 | ||||
Жер аумағы |
55,35 км² | ||||
Биіктігі |
800-850 м | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
71 443[1] адам (2021) | ||||
Ұлттық құрамы |
қырғыздар - 46,8 % | ||||
Ресми тілі | |||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
996 3138 | ||||
Пошта индексі |
722000 | ||||
Автомобиль коды |
C, S, 08 | ||||
Тоқмақ шекарасы
|
Тоқмақ (қыр. Токмок) — Қырғызстанның Шу облысындағы облыстық бағыныстағы қала. 2003-2007 жылдары облыс орталығы болған.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қырғызстанның солтүстігінде, Шу аңғарында, Шу өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан, өзен бойының қала аумағында Қырғызстан мен Қазақстан шекарасы өтеді. Тоқмақтан солтүстікке және оңтүстікке қарай Тянь-Шань сілемі: оңтүстікке — Қырғыз жотасы, солтүстікке — Іле Алатауы созылып жатыр.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі Тоқмақ ХІХ ғасырдың басында (1825-1830) Қоқан бекінісі ретінде құрылған болатын. Кейіннен, 1862 жылы бекіністі орыс әскерлері басып алып, қиратып тастады.
Кейінірек, бұрынғы Қоқан бекіністерінің орнына орыс бекіністері қалана бастады. 1864 жыл мамыр айының басында, Тоқмақ бекінісінің қирандыларының орнында Верныйдан келген полковник Черняевтің отряды орналасты да 1864 жылы 13 мамырда Тоқмақ орыс бекінісін орнықтырды.
1867 жылы Тоқмақ қала статусына ие болды және Түркістан генерал-губернаторлығының Жетісу облысындағы өзімен аттас Тоқмақ уезінің орталығы болды. Уезд орталығы 1878 жылы Пішпек қаласына ауыстырылды. Осыдан кейін Тоқмақ қала мәртебесінен айырылған болатын. 1927 жылы Тоқмақ қайтадан қала мәртебесін алды.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жыл | Халық саны |
---|---|
2009 | 53 231 |
2003 | 57 000 |
1999 | 59 409 |
1989 | 72 927 |
1979 | 58 003 |
1970 | 42 116 |
1959 | 28 806 |
2009 жылғы Қырғызстанның халық санағы деректері бойынша: қырғыздар — 24911 адам немесе 46,8 %, орыстар — 10913 адам немесе 20,5%, Дүнгендер — 8790 адам (16,5%), өзбектер — 4556 адам немесе 8,6 %, сондай-ақ, татарлар, ұйғырлар, қазақтар, немістер, украиндар да тұрады[2].
Бауырлас қалалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b Қырғыз Республикасының Ұлттық статистика комитеті. 2009 жылғы халық санағы.
- ↑ Қырғызстан халқының санағы 2009.
- ↑ [https://web.archive.org/web/20160921223116/http://tokmok.org/news/obshhestvo/209-tokmok-i-volokolamsk-stali-gorodami-pobratimami.html Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2016 жылы. Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2016 жылы. Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2016 жылы. Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2016 жылы. Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2016 жылы. Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2016 жылы. Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2016 жылы. Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2016 жылы. Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2016 жылы. Волоколамск и киргизский Токмак стали городами-побратимами (орыс.)]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Тоқмақ қаласының мэриясы Мұрағатталған 4 сәуірдің 2015 жылы. — Қалалық мэрия.
- Тоқмақ қаласының кенеші Мұрағатталған 21 қарашаның 2015 жылы. — Қалалық кенеш.
- Тоқмақ қаласының жаңалықтары Мұрағатталған 12 қазанның 2014 жылы. — Жаңалықтар сайты.
- Тоқмақ қаласының форумы Мұрағатталған 12 қазанның 2014 жылы. — Қалалық форум.