Мазмұнға өту

Тоскана

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тоскана
Toscana
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Италия

Кіреді

Ареццо, Гроссето, Флоренция, Ливорно, Лукка, Масса-Каррара, Пиза, Пистойя, Прато, Сиена

Әкімшілік орталығы

Флоренция

Басшысы

Энрико Росси

Тарихы мен географиясы
Жер аумағы

22 990 км²

Тұрғындары
Тұрғыны

3 516 296 адам

Тығыздығы

153 адам/км²

regione.toscana.it

Тоскана картада

Координаттар: 43°24′36″ с. е. 11°00′00″ ш. б. / 43.41000° с. е. 11.00000° ш. б. / 43.41000; 11.00000 (G) (O) (Я)

Тоска́на (итал. Toscana, лат. T(h)uscia, Hetruria) — Италияның облысы (ауданы). Облыс астанасы — Флоренция. Территориясы — 22,990 км², Халқы — 3 516 296 адам.

Физико-географиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Географиялық жағдайы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстік-батысында Тоскана Лигуриямен, солтүстігінде Эмилия-Романьямен, шығысында Маркемен және Умбриямен, оңтүстігінде Лациомен шектеседі. Батысында 320 км жағалауын Тиррен теңізі алып жатыр. Территориясының үштен екісі дөңді және бір ширегі таулы. Тек 8,4 % территориясы жазық дала, Арно өзенінің тұсында.

Негізгі таулы жүйесі - Апеннин таулары, олар Тоскананы солтүстігінде және шығысында қоршап жатыр. Басқа маңызды рельефтері - Масса-Каррара және Лукка провинцияларындағы Апуандық Альпі тауы. Бұл жақта танымал каррарлық мәрмәрді және циполинді өндіреді. Аудан ортасындағы Металды дөңдер; Пиза мен Лукканың арасындағы Пиза таулары; Амиата тауы, ескі сөнген жанартау және Флоренция провинциясындағы Пратоманьо.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Флоренция

Тоскана 10 провинцияға бөлінеді:

Провинция Астанасы Жер аумағы (км²) Халқы
Ареццо Ареццо 3 232 345 547
Гроссето Гроссето 4 504 225 142
Ливорно Ливорно 1 218 340 387
Лукка Лукка 1 773 389 495
Масса-Каррара Масса 1 157 203 449
Пиза Пиза 2 448 409 251
Пистойя Пистойя 965 289 886
Прато Прато 365 246 307
Сиена Сиена 3 281 268 706
Флоренция Флоренция 3 514 983 073
Сурет:Тоскана.jpg
Тоскана провинциялары

Үлгі:Тоскана мемлекеттері

Толық мақаласы: Тоскана тарихы

Апенниндік және Вилланова мәдениеті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданның этрустарға дейінгі тарихы сол уақыттың Грекияның тарихымен байланысты. Б.з.б. 2-ші мыңжылдықтың (1350—1150 б.з.б.) екінші жартысына дейін, Тоскана ауданында Эгей теңізінің миной өркениетімен сауда жасасқан, Апеннин мәдениетінің халқы өмір сүрген. Содан кейін Виллан мәдениеті (1100—800 б.з.б.) гүлденді, бірақ Этрускалардың өркениетінің өркенденуінен, болмаса келуінен бітті.

Этрустар өркениеті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Этрускалар

Этрускалар солтүстік Италиядағы бірінші ірі өркениет болды. Олар көлік инфрақұрылымын құрды, кен жұмысы мен егін шаруашылын нығайттып, жарқын өнер туындыларын салды. Этрускаладың бұл жерлерде тарихқа дейінгі уақыттардан бері тұрғанын немесе басқа елден шыққанын ғалымдар білмейді. Өркениет б.з.б. VII ғасырда Арно және Тибр өзендерінің арасындағы территорияларда өсіп, б.з.б. VI ғасырда мықты мемлекет болып, кейін өз мұрасын және территориясын III ғасырда римдіктерге қалдырды. Римдіктер этрускалардың өркениетін жоймай, өзіне ассимиляциялады.

Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Ренессанс

Тоскана - италияндық қайта өрлеу дәуірінің басталған жері және оның көркемөнері өзіне сәулет-өнерді, сурет өнерін және мүсіндеуді оның бүкіл ауданның мұражайындағы көптеген туындылары, соның ішіндегі ең танымалдары - Флоренциядағы "Уффици және Барджелло кіреді. Тоскана Леонардо Да Винчи, Микеланджело және Данте Алигьеридің (итальян тілінің әкесі) Отаны. Ежелгі тоскандық патрициандық Ингирами әулеті әлемге үш атақты ғалымды сыйлады, олар: Джованни, Франческо және Томмазо Ингирами.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Кастильончелло
Сасикайя шарабы

Тоскана біріншіден өзінің шараптарымен, олардың ішіндегі ең танымалдары - Кьянти, Брунелло ди Монтальчино, Вино Нобиле ди Монтепульчано және «супертоскандық» Sassicaia, Ornellaia, Masseto-мен белгілі. Тағы, мұнда 120 табиғи қорық бар. Ауыл шаруашылығының басқа салаларына мал өсіру (Кьянтиде) мен Лукка дөңдеріндегі зәйтүн майын өндіру жатады. Өнеркәсіптерге мотоцикл, мотороллер, ұшақтар жасау, Пратодағы тоқыма округі, Ливорнодағы мұнай химиясы объектілері және Пьомбинодағы болат зауыттары жатады. Туризм "Өнер қалаларына" (Флоренция, Пиза, Лукка, Сиена, Сан Джиминьяно) және басқа да жағалау және аралдарға (Эльба) өте маңызды. Мәрмәрді Апуандық Альпіде (Каррара) өндіреді.

Экономиканың негізгі салалары - ауыл шаруашылығы (талшын, саңырауқұлаңтар, шараптар), мал өсіру (сиыр, жылқы), тағам, химиялық, металлургиялық, тоқыма, мұнай химиясы.

Жүн өндірісінің басты аудандары Тосканада (Прато), Пьемонтеде (Бьелла) және Венецияда (Скио) орналасқан.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Tuscany