Лацио
Лацио | |||
Lazio | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Енеді | |||
Әкімшілік орталығы |
Рим | ||
Басшысы |
Рената Польверини | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Жер аумағы |
17 203 км² | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
5 100 000 адам | ||
Тығыздығы |
297 адам/км² | ||
Ла́цио (итал. Lazio, Үлгі:Lang-nap, лат. Latium) — Италиядағы административті аудан. Астанасы — Рим.
Физико-географикалық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Территориясының 54 % — дөңді жер, 26,1 % — Апеннин таулары, 19,9 % — жазықтық. Климаты жұмсақ, қаңтар айының орташа температурасы +9-10 °C, шілденікі 24-25 °C.
Ең үлкен өзені — Тибр. Тиррен теңізіне шығады.
Лацио территориясы Ватикан елін қоршап жатыр.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лацио ауданы ертедегі Лацияның жерінде орналасқан, атында осыдан алған. Лацио ұзақ уақыт бойы Паптік облыстың орталығы болатын.
1870 жылы 20 қыркүйекте Рим Папасы Пий IX тұсында және Францияның Седандағы жеңілісімен Италияның бірігуі аяқталды, ал Лацио Италия Корольдігінің құрамына қосылды. 1927 жылы Умбрия мен Абруццоға жататын Риети провинциясының аумағы Лациоға қосылды. Лациодағы қалалар 2016 жылы Орталық Италиядағы жер сілкінісінен қирап қалды.
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жуық шамамен халқының 73% қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы дамыған (жүзім, зәйтүн, т.б.). Өнеркәсіп негізі Римнен оңтүстікке қарай орнаған. Рим әлемге әйгілі туристтік орталық. Лацио ЖІӨ Италияның ЖІӨ-нің 10,9%-ын құрайды. Жуық шамамен 160.517,5 млн. еуро. Адам басына шаққандағы ЖІӨ — 29.739,0 еуро.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лацио провинциясының халқының 55% Римде тұрады. Провинцияның халық саны Италияның халық санының 9%-ын құрайды. ISTAT мәліметтері бойынша 2006 жылы Лацио халқының 5,2%-ы иммигранттар.
Көрікті жерлер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Италияның орталық бөлігіндегі Лацио облысы мәңгілік, жер бетіндегі ең көне қалалардың бірі, Римнің байлығымен танымал. Оның лайықты көршілері бес провинцияның қалалары мен ауылдары - Фрозиноне (Frosinone), Риети (Rieti), Латина (Latina), Витербо (Viterbo) және Рим (Roma). Облыс территориясында Италиядағы басқалардан өзгеше Чирчео ұлттық паркі (Circeo) орналасқан. Ол флора мен фаунаны қорғау үшін ғана емес, табиғи ландшафтты да сақтау үшін теңіз жағалауында салынған
Италияның асанасынан басқа Рим провинциясы төрт негізгі туристтік орталықтарды қосады. Олар: Чинтавеккья (Cintavecchia), Фраскати (Frascati), Веллетри (Velletri) және Тиволи (Tivoli). Әрқайсысында өзіндік ерекшеліктері бар, Чинтавеккья - Тиррен теңізіндегі аванпорт, Фраскати - әдемі ландшафттар мен Өркендеу дәуірінің сарайлары және жергілікті ауылдарда жасалатын ақ шарап, Веллерти - Альбананың дөңдер ауданындағы адам ең көп баратын курорт, ал ең көріктісі Тиволи - әр түрлі замандарда салынған үш ғажайып вилла: вилла Адриана, вилла д’Эсте және Григориандық вилла. Лационың территориясына тағы Тиррен теңізінің ортасындағы бір топ Понициялық аралдар кіреді.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- http://www.regione.lazio.it/web2/main/ Мұрағатталған 6 мамырдың 2011 жылы.
- http://www.consiglio.regione.lazio.it/consiglioweb/ Мұрағатталған 22 шілденің 2011 жылы.
|
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Lazio |
Координаттар: 41°54′ с. е. 12°43′ ш. б. / 41.900° с. е. 12.717° ш. б. (G) (O) (Я)
Бұл — Италия географиясы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |