Мазмұнға өту

Топлес

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Топлес

Топлес (ағылш. topless — «үстіңгі киімсіз») — қоғамдық орындарда, көбінесе жағажайлардағы жалаңаштанған әйел омырауын білдіру үшін қолданылатын термин.

Әйел адамның жағажайлардағы топлес жүруінің негізгі мақсаты — суға түскенде киетін киімнің қалдыратын жолақтарынсыз, біртекті күнге күю (орыс. загар). Көбінесе күн көзінен емшек үрпісін сақтау үшін оларға кішкене дөңгелек жапсырма — стикини жапсырылады.

Кейде үстіңгі киімсіз қалу талпынысы өзінің еркіндігін көрсету талпынысымен байланысты.

«Ол өлген күні киосктардағы „оң“ газеттер „Плейбойға“ ауыстырылды, ал жағажайдағы әйелдер сол сәтте емшекқаптарын (лифчик) шешті»

«Бұл оғаш испандықтар» — Дрю Лоней Испаниядағы Франконың билігінің аяқталған кезі туралы

Тағы қараңыз

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Toplessness