Емшек
Емшек немесе омырау — әйел адамдардың сүт бездері орналасқан мүшесі. Дамыған сүт бездері екінші дәрежелі жыныстық белгілер ретінде қарастырылады және ер адамдардың емшегіне қарағанда сезімталдығы күштірек эрогенді зона. Жалаңаштанған емшектің көрінісі екі жыныстың да сексуалдық құштарлығын оятады. Көптеген мәдениеттерде, ер адамдарға қарағанда әйел адамдарға емшектерін жалаңаштандыру ұятсыздық саналады. Бірақ кейбір мәдениеттерде омырауды жалаңаштандыру қолайлы саналады, ал кейбір елдерде бұндай тыйымдар мүлде болмаған. Қай кезде емшекті жалаңаштандыруға (топлес) болады деген мәселе мекен мен жағдайға байланысты. Кейбір батыс мәдениеттерінде емшекті жағажайда(пляж) жалаңаштандыру қолайлы болғанмен, қаланың ортасында бұл әрекет ұятсыздық деп қабылданады. Көп жағдайда әйел емшегін жалаңаштандыру негізінен емшектің үрпісіне қатысты, декольтені көрсетуге тыйым рұқсат етілген. Егер емшекті көпшілікке көрсету бала емізумен байланысты болса, бұған адамдар әдетте түсіністікпен қарайды. Феминизмді жақтайтын әйелдердің ойынша емшекті көпшілікке көрсетуге рұқсат етудің гендерлік теңдікке тікелей қатысы бар.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — анатомия туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Емшектер |