Тас торғайы
Тас торғайы | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
In Ariege, Midi-Pyrenee, France
| ||||||||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||
Petronia petronia (Linnaeus, 1766) |
Тас ТОРҒАЙ (Petronia petronia) - үй торғайдың аналығына ұқсас құс. Одан айырмашылығы - жалпақ ақ қасты, бұлқын қауырсындардың әрқайсысының үштары ақтеңбілді және ересек құстың төсінде сары дағы болады.
Биологиялық сипаттама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өте ширақ және қиқушыл. Аталығының әуені торғай шырылына ұқсас. Ұялары жартас жарықтарында, тас аралықтарындағы қуыстарда, құрылыстарда болады; інде де және ағаш қуыстарында орналасады. Салындыда 5-6 қоңыр теңбілді жасылдау жұмыртқалар болады. Жұмыртқа басуының егжей- тегжейлі дерегі мәлім емес. Балапандары үш аптаға жуық ұяда болады.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Солтүстік Африкадан Зайбайкальеге дейін таралған. Қазақстанда - батысында (Ырғызға және Каспий маңына дейін) және оңтүстігі мен оңтүстік шығысында (Сырдариядан Алакөлге дейін) тауларда ұялайды. Көктемде наурыз-сәуірде ұшып келіп, күзде қазанда ұшып кетеді.
Дереккөз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
- ↑ BirdLife International Petronia petronia. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.