Мазмұнға өту

Тану

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тану — табылған объектінің (ұшақ, кеме және т.б.) сипатын және оның кай мемлекет пен ведомствоға жататынын анықтау.

Тану визуальды және радиолокациялық болуы мүмкін.

Визуальды тану қаруланбаған көзбен немесе объектілердің мемлекетке қатыстылығын білдіретін тану белгілеріне қарап, оптикалық аспаптар көмегімен, я болмаса, оларға тән белгілер бойынша (жеке құрам әскер киімінің түсі мен тігілуі, ұшақтар, кемелер, ұрыс машиналар күші, т.б.) жүзеге асырылады. Өз әскери ұшақтарын және өзгелерді өзара тануы ұрыс уақытында немесе операцияның белгілі бір кезеңіне орнатылатын сигналдар (сигналды ракеталар, қолшамдар, прожекторлар, түсті түтіндер т.б.) көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Өз объектілерін радиолокациялық тану кезінде сұрайтын (сұраушы) және жауап беретін (жауап беруші) құрылымдардан тұратын жүйелерді қолданады.

Радиолокациялық тану жүйелері (аспаптар) жер үсті бақылау пунктерінде, ұшақтардың, кемелердің және басқа объектілердің бортында қондырылады. Радиолокациялық тану жүйесі бірлескен, автономды және жартылай автономды (аралас) болуы мүмкін.[1]

Тану — естің бұрынғы қабылдағандарға кезіккенде (кездескенде) көрінетін қайта жаңғыртудағы қарапайым түрі. Тану қабылдау дәрежесіне орай түрліше болады. Мысалы, кейбіреулер бұрынғы көргенін бірден айнытпай таниды, енді біреулер тіптен тани алмай қиналады. Тану ұқсатумен де байланысты. Мысалы, адам бір жерге келгенде, бұрын көрген сондай бір жерді есіне түсіріп, айналадағы нәрселерді соған ұқсатады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
  2. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6