Мазмұнға өту

Прожектор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Прожектор

Прожектор (лат. projectus алға лақтырылған) — оптикалық, жүйелер көмегімен жарықты шоғырландыратын, алыс әрекетті жарық бергіш аспап.
Іздеуіш прожектор - көлік құралында орнатылған күштеп айналдыратын тіреушетегі үшкір бағытталған, шоғырланған сәулесі бар фара.[1] Прожектордың негізгі элементтері: жарықтық оптикалық жүйе, сәуле (жарық) көзі және айналмалы механизмдері бар корпустар. Прожектордың жарықтық оптикалық жүйесі фокусында жарық көзі — арнайы қыздыру шамы, газ шамдары немесе бұрыштық электродтар арасындағы электрондық доғасы бар айна (шағылдырғыш) мен линзалардан тұрады. Қаптамалардың ішкі бөліктерін суыту табиғи немесе күштеп желдету жолымен жүзеге асады. Арналуы бойынша алыс әрекетті, жарық төгуші және дабылдық прожектор болып бөлінеді. Жылжымалылығы бойынша тасымалды, сүйремелі, әскери техника үлгілеріне тікелей қондырылатын, өздігінен жүретін және тұрақты болады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл