Мазмұнға өту

Сталинизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сталинизм - КСРО-да Сталин үстемдігі кезеңіндегі қоғамдық қатынастар мен саяси билік жүйесі. II дүниежүзілік соғыстан кейін Сталинизм Кеңес одағынан қысымшылық көрген басқа елдерде де қалыптасты. Сталинизмге тән белгілер:
экономикалық салада - жылдам индустрияландыру мен ауыл шаруашылығындағы күштеп ұжымдастыру, бюрократиялық жоспарлау, өндірісті басқарудан еңбекшілерді аластату;
әлеуметтік салада - тұрғындардың басым көпшілігінің өмір сүру деңгейінің төмен болуы, тікелей емес қанауға негізделген әлеуметтік жіктелудің ұлғаюы;
саяси салада - іс-жүзінде демократияның болмауы, тоталитарлық мемлекеттік лаңкестік жүйесін орнату, жетекші мемлекеттік органдарға демократиялық сайлауды қамтамасыз ететін саяси тетіктердің болмауы;
ұлттық қатынастар саласында - ұлыдержавалық шовинизмнің оянуы, КСРО-да іс-жүзінде унитарлық мемлекеттік биліктің орнауы;
рухани салада - мәдени сан алуандылықты жою, әлеуметтік шығармашылық бостандыққа жол бермеу, жеке басқа табынушылықты орнату;
идеологиялық салада - әлеуметтік демагогия;
саяси теория саласында - Сталинизм ешқандай жаңа теорияны қалыптастырған жоқ, тек социализмнің жеке бір елде жеңуі және оны құру барысында таптық күрестің күшейетіндігі туралы теорияны негіздеді. 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін, КСРО мен Шығыс Еуропа елдерінде Сталинизм жаппай лаңкестік пен жеке басқа табынушылық сияқты салдарлары жойылды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3