Спин-офф
Спин-офф (ағылш. spin-off) - белгілі бір туындыдағы екінші дәрежедегі кейіпкерлер, басты кейіпкерлерге айналған туынды. Спин-офф түпнұсқа туындыдағы аз қамтылған кейіпкерлерге үлкен мән береді. Спин-оффтарды шығарарда авторлар олардың көрермен назарын жаңа туындыдан гөрі жылдам жаулайтындығына сүйенеді. Сондықтан да жақсы қабылданған туындыдағы кейіпкерлерді жаңа қырынан танидықтан спин-офф фильмдерге сұраныс бар.
Сонымен қатар сайдстори, шуткувбоквел сияқты терминдер де қолданылады. Спин-оффтың әдеттегі фильм жалғасынан айырмашылығы эпизодтық немесе екінші дәрежедегі кейіпкерлердің басты кейіпкерге айналуында болып табылады. Ең басты мәселе — спин-оффты ремейкпен шатастырмау қажет. Ремейк түпнұсқа туындыдағы сюжетті өзгертпей жаңа техниканы қолдану арқылы жасалады.
Спин-оффтың оригинал туындыға қатысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Спин-оффтағы оқиғалар оригинал туындыға қатысты әртүрлі уақытта орын алады:
- Спин-оффтағы оқиғалар оригинал туындыдағы оқиғадан кейін орын алса, спин-офф сиквел де болуы мүмкін. Мысалы «Сорвиголова» және «Электра», «Достар» және «Джоуи» немесе «Рокки Бальбоа» және «Рокки 7: Крид».
- Спин-офф кей жағдайда приквел де болуы мүмкін. Бұл жағдайда спин-оффтағы оқиғалар, оригинал туындыдағы оқиғаларға дейін орын алады. «Люди Икс» және « Люди Икс: Начало. Росомаха» немесе «Шрек 4» және «Етік киген мысық».
- Спин-офф кейде мидквел болуы мүмкін. Бұл жағдайда фильмдегі оқиғалар параллель өрбиді. Мысалы, «Гамлет» және «Розенкранц пен Гильденстерн өлді» немесе «Удивительные странствия Геракла» және «Зена — королева воинов».
- Спин-офф интерквел де бола алады. Бұл жағдайда оқиғалар екі түпнұсқа туындының арасында өрбиді.[1][2]