Соматропин
Соматотропин (СТГ, соматотроптық гормон, өсу гормоны) — гипофиздің алдыңғы бөлігі гормонының бірі. Пролактин мен плацентарлық лактоген сияқты пептидтік гормон тобына жатады.
Соматотропиннің ағзаға әсері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Соматотропин гормонын өсу гормоны деп атау себебіне сүйектердің жабылмаған аймақтары бар балалар, жасөспірімдер мен жастарда ол ұзын қуысты сүйектердің өсуін қамтамасыз етеді. Соматотропин қуатты анаболитикалық және анти-катаболитикалық әрекет жасай отыра, нәруыз синтезінің қарқынды болуын, нәруыз ыдырауының және тері асты майы қыртысы түзілуінің тежелуін, ағзадағы бұлшық ет массасының майға қатынасының артуына әкеледі. Оған қоса, соматотропин көмірсулық алмасу реттеуіне қатысады - ол қандағы глюкоза мөлшері деңгейін арттырады, контринсулярлық гормон ретінде инсулиннің көмірсулық алмасуға әрекетіне кереғар әрекет жасайды.
Өсу гормонының секрециясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Секрецияның тәуліктік ырғағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өсу гормонының секрециясының белгілі бір периоды бар және оның бірнеше шыңдары кездеседі (негізінде гормонның үдемелі кездері әрбір 3-5 сағатта болады). Ең жоғары және болжамды шыңы түнде, ұйқыға батқан кезден бір-екі сағаттан кейін байқалады.
Секрецияның жастық өзгерісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Соматотропиннің қан плазмасында ең жоғары концентрация болатын кез - нәрестенің құрсақтағы дамуының 4-6 айы. Осы концентрация ересек адамдағы концентрациясына қарағанда жүз есе артық. Адамның өсуіне байланысты секреция төмендейді. Қарт адамдарда секреция минималды болады, оларда негізгі деңгеймен бірге секрецияның үдемелі кездерінің амплитудасы мен жиілігі азаяды. Балалық шақта негізгі деңгей, ал жасөспірімдерде шыңдардың амплитудасы максималды болады.
Гормонның қандағы концентрациясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өсу гормонының қандағы орташа концентрациясы - 1-5 нг/мл. Шыңдарда 10-20 нг/мл-ге дейін де өсуі мүмкін.
Өсу гормонының реттелуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Соматотропин гормонын реттеушілері - соматостатин мен соматолиберин гормондары (гипоталамустың пептидтік гормондары). Олар гипоталамустың нейросекреторлық жасушалардан бөлініп, гипофиздің портальды веналарына енеді және соматотроптарға тікелей әсер етеді. Дегенмен, соматотропиннің реттелуіне физиологиялық факторлар да ықпалын тигізеді. Секрецияны арттырады:
- соматолиберин гормоны
- грелин
- ұйқы
- жаттығулар
- аргинин, орнитин, лизин, глутамин сияқты аминқышқылдарын тұтыну
- эстроген
- тиреоидтық гормон
- гипогликемия (гипогликемия кезінде глюкоза мөлшерін реттеу үшін соматотропин мөлшері артады)
Секрецияны тежейді:
- соматостатин
- гипергликемия
- глюкокортикоидтер
Өсу гормонымен байланысты патологиялар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шамадан тыс болу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ересектерде соматотропин деңгейінің патологиялық өсуі немесе экзогенді соматотропинді шамадан тыс енгізу сүйектердің жуандап өсуі мен бет пішінінің қатты болуына, тіл өлшемінің артуына әкеледі. Соған байланысты асқынулар - жүйкелердің жаншуы(туннельдік синдром), бұлшық ет күшінің азаюы, ұлпаның инсулинтұрақтылықтың артуы, акромегалия.
Тапшылық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бала кезінде соматотропин тапшылығы гипофизарлық нанизм ауруына, жыныстық жетілу кідірісіне, ал ересек кезінде денеде май қатпарларының шамадан тыс түзілуіне әкеледі. Гипофиздің дамуын реттейтін HESX1 және LHX3 гендері мен гипофиздің алдыңғы бөлігінің жасушаларының дамуын реттейтін PROP1 гендерінің мутациясы өсу гормонының тапшылығына әкеледі. Өсу гормоны рецепторы генінің мутациясы Ларон синдромына әкеледі. Ауру белгілері - өсудің кенет бәсеңденуі, бассүйектің беткі бөлігінің мөлшері азаюы.
Соматотропиннің терапиялық қолданысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Балаларда бой өсу кідірісі кезіндегі қолданысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұзылыс кезінде ағзаға гипофиздің экстрактын күнделікті енгізу қажет. 1970-ші жылдарда экстракт бұқа, жылқы гипофизінен, содан кейін ғана адам гипофизінен таза күйінде шығарылған. Қазіргі таңда ең нәтижелі әдіс болып табылады.
Жүйке жүйесінің бұзылуы кезіндегі қолдануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бірнеше эксперименттерде соматотропин гипофизарлық нанизммен ауыратын адамдарда есте сақтау қабілеті мен танымдық функциялардың жұмысын жақсартты. Оған қоса, соматотропин депрессияға шалдыққан адамдарда көңіл-күйді мен хал-жағдайды жақсартуға үлесін қосты.
Спортта қолдануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өсу гормоны бар дәрі-дәрмектер медицинамен қатар соматотропиннің бұлшық ет массасын арттырып, май мөлшерін азайту қабілетіне байланысты спортта да қолданысты тапты.
1989 жылы өсу гормонын қолдану Олимпиада комитетімен ресми түрде тыйым салынған. Көбінесе соматотропинді спортшы-бодибилдерлер басқа анаболитикалық дәрі-дәрмектермен бірге қолданады.