Славония
Славония (xорв. Slavonija) — Хорватияның шығысындағы тарихи аймақ[1]. Сава, Драва және Дунай өзендерінің арасында орналасып, Хорватияның астық қоймасы ретінде танылған.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл аймақтың солтүстік шекарасы Мажарстанмен, оңтүстігі Босния және Герцеговинамен, ал шығысы Сербиямен шектеседі. Батыс шекарасы географиялық тұрғыдан нақты анықталмаған. Славонияның солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктері негізінен Орта Дунай ойпатымен сипатталады. Ал батысында Папук (953 м), Диль (461 м) және Псунь (984 м) тауларымен бірге кішігірім таулы массивтер орналасқан.
Этникалық құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хорваттар Славония тұрғындарының басым бөлігін құрайды, ал ең ірі ұлттық азшылық - сербтер. Одан басқа, Славонияда көптеген аз санды этникалық топтар тұрады.
2001 жылғы халық санағы бойынша, Славониядағы халықтың саны мынадай үлеспен бөлінеді:
- Вировитица-Подравина жупаниясы: 89,47 % хорваттар, 7,08 % сербтер, 0,27 % мажарлар, 0,25 % албандар, 0,10 % чехтар
- Осиек-Баранья жупаниясы: 83,89 % хорваттар, 8,73 % сербтер, 2,96 % мажарлар, 0,65 % словактар, 0,30 % сығандар, 0,29 % немістер, 0,26 % албандар, 0,15 % словендер, 0,12 % босниялықтар, 0,11 % черногориялықтар, 0,10 % еврейлер
- Пожега-Славония жупаниясы: 88,68 % хорваттар, 6,54 % сербтер, 0,92 % италиялықтар, 0,90 % чехтер, 0,26 % мажарлар, 0,17 % албандар, 0,14 % словактар
- Брод-Посавина жупаниясы: 93,98 % хорваттар, 3,02 % сербтер, 0,33 % сығандар, 0,21 % босниялықтар, 0,18 % украиндар, 0,16 % албандар
- Вуковар-Срем жупаниясы: 78,27 % хорваттар, 15,45 % сербтер, 1,00 % мажарлар, 0,88 % русиндер, 0,65 % словактар, 0,56 % босниялықтар, 0,24 % албандар, 0,23 % украиндар
Ең ірі қалалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2001 жылғы халық санағына сәйкес, Славонияның ең ірі қалалары:
- Осиек — 114 616
- Славонски Брод — 64 612
- Винковцы — 35 912
- Вуковар — 31 670
- Джяково — 30 092
- Пожега — 28 201
- Вировитица — 22 618
- Нашице — 17 320
- Жупания — 16 383
- Нова Градишка — 15 833
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Славония аумағы әкімшілік жағынан бес жупанияға бөлінген:
Атауы | Аумағы (км²) | Халқы (2001) | Әкімшілік орталығы | Географиялық орналасуы |
---|---|---|---|---|
Вировитица-Подравина жупаниясы (Virovitičko-podravska županija) |
2021 | 93 389 | Вировитица | Драва бойымен, Мажарстан шекарасында |
Осиек-Баранья жупаниясы (Osječko-baranjska županija) |
4149 | 330 506 | Осиек | Осиек қаласы айналасында, солтүстік-шығыс Славонияны қамтиды, Дравадан солтүстікте хорват Бараньясының бөлігі |
Пожега-Славония жупаниясы (Požeško-slavonska županija) |
1821 | 85 831 | Пожега | Орталық Славонияда, Вировитица-Подравина жупаниясы мен Брод-Посавина жупаниясы арасында |
Брод-Посавина жупаниясы (Brodsko-posavska županija) |
2027 | 176 765 | Славонски Брод | Саваның бойымен, Босния және Герцеговина шекарасында |
Вуковар-Срем жупаниясы (Vukovarsko-srijemska županija) |
2448 | 204 768 | Вуковар | Сербиямен шекарада Вуковар қаласы айналасындағы Славонияның шығыс бөлігін қамтиды |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Frucht Richard C. Eastern Europe: An Introduction to the People, Lands, and Culture — illustrated. — ABC-CLIO, 2004. — Vol. 1. — P. 413. — ISBN 1-57607-800-0.
|