Протерозой

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Протерозой эоны
2500—542 млн ж. бұрын
Геологиялық замандар
Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу
-4500 —
-4000 —
-3500 —
-3000 —
-2500 —
-2000 —
-1500 —
-1000 —
-500 —
0 —
Тік білік:
млн жыл бұрын
Lower Proterozoic Stromatolites from Bolivia, South America

Протерозой (гр. πρότερος — алғашқы, аға, гр. ζωή — тірлік) — прекембрийді құрайтын үш бөлімшенің (1. хадей немесе приской , 2. архей, 3. протерозой) соңғысы (осыдан шамамен 2500—542 млн жыл бұрын).

Протерозойды 3 геологиялық заман құрайды (ертелеуінен жаңалауына атап өткенде):

  1. Палеопротерозой;
  2. Мезопротерозой;
  3. Неопротерозой.

Ең елеулі оқиғалары бұлар:


Жер тарихында археозой мен палеозой аралығындағы эра және сол заманда қалыптасқан қабаттар. Бұл терминді ғылымға америкикалық геолог Э.Эммонс енгізген ('1888). Протерозой бұдан 2000 (кейбір тұжырым бойынша 2500) – 570 млн. жыл бұрын, ұзақт. 1500 млн. жылға созылған эра. Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі Протерозойды Р.Борукаев, Ю.Зайцев, В.Королев, т.б. зерттеген.

  • Протерозойдың бірінші жартысы (2,2 млрд. жылға дейін) геократтық жағдайларда өткен. Қыртыстың салқындау процесі нәтижесінде қатаң және морттық қасиеттерге ие болған литосфера жарылып, суперконтинентте рифт ойпаңдары мен айырылымдар пайда болған.
  • Бастапқы Протерозойдың екінші жартысында бұл процестер күшейіп, суперконтинент көлденеңі жүздеген және мыңдаған км болатын блоктарға (микротақталарға) жіктелген. Олар жұқарып (рифтинг) және толық айырылып (спрединг), ал айырылған блоктар арасын терең сулы алаптар басқан.
  • Протерозойдың соңында шөгінді және жанартаулық тау жыныстарымен толған бұл алаптар, деформацияға, метаморфизмге, граниттенуге ұшырап, қайта жабылған. Бастапқы Протерозойда организм қалдықтары өте сирек. Қалдықтарының қалыңдықтары кей жерлерде жүздеген метр болатын көк-жасыл балдырлар түзіліп, олардың қарқынды фотосинтездеуші әрекетінен ауаның құрамы өзгере бастады. Ол таза оттекті көбейтіп, тіршілік әлемінің өркендеп дамуын тездетті. Даму бастапқы-ортаңғы рифейде қарқындады. Бактериялар, балдырлармен қатар қарапайым бір клеткалы организмдер – эукариоттар пайда болды. Темір, мыс, алтын, көптеген бейкентас шикізаттары шоғырларының пайда болуы Протерозоймен тығыз байланысты.[1]

Пайдаланылған әдебиеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ энциклопедиясы"
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Proterozoic

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Прекембрий Фанерозой  
(Хадей) Архей Протерозой
Протерозой эоны
Палеопротерозой заманы Мезопротерозой заманы Неопротерозой заманы
Сидерий Риасий Оросирий Статерий Калиммий Эктеазий Стений Тоний Криогений Эдиакарий