Планиметр
Көрініс
Планиметр (лат. planum — тегіс жер, жазықтық және гр. metre — өлшеймін) — дұрыс емес пішінді жазық фигуралардың ауданын өлшейтін математикалық өлшеу аспабы. Планиметрия екі иінтіректен тұрады. Біреуінің ұшында пішіннің қарамын айналдыра жүргізуге арналған сұққышы бар, ал екінші иінтірек бағыттауыш бойымен жүреді. Планиметрияның сызықтық түрі болады. Оның бағыттаушы — түзу сызық, планиметрияның полярлы түрінде бағыттауыш шеңбер және радиалды түрінде бағыттауыш міндетін нүкте атқарады. Планиметрдің сызықтық және полярлы түрі жазық пішіндердің ауданын анықтау үшін, сонымен қатар ∮ydx интегралын есептеу үшін қолданылады. Радиалды планиметр ∮rdψ интегралын (функция) полярлы координаттарда берілген жағдайда шешу үшін қолданылады.[1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |