Пат
Пат (фр. pat, итал. patta) — қиян кескі тартыста қарсы жақтың бірінің шах берілмей тұрған королін жүретін бос шаршы болмай қалады және сол король өрісінде фигуралар мен пешкалардың жүретін мүмкіндіктері қалмаған жағдай пат деп аталады. Осындай ойын тепе-тең аяқталған болып есептеледі. Тең ойынға кейде бір жүрісті қатарымен үш рет қайталауға мәжбүр ететін бітпейтін үздіксіз шах беру арқылы да жетуге болады.
Ойын тәжірбиесінде көптеген ойнаушылар өз королінің жүріс жолын тарылтып, оның жанындағы фигура немесе пешканың жүрістерін ескермей, төменде көрсетілген паттық жағдайға душар болады. Алайда корольдің жүрісі болмай, бірақ оның өзі түстес басқа фигураның жүруге мүмкіндігі болса, онда пат болмайды. Мұндай жағдайда сол фигура тиімсіз де ұтылысқа ұшырататын жүріс болса да міндетті түрде жүруі керек. Жүрістің міндеттілігі жөніндегі осындай жағдай «Zugzwang» (неміс тілінен келген «Zug» — жүріс, «zwang» — еріксіз көндіру, мәжбүр ету) деп аталады.
Міне, осындай сирек те болса кездесетін жағдайды аса дәл есептеп, сақ болған жөн. Қорыта айтқанда, тақта үстіндегі бәсеке мынандай жағдайда да тең аяқталған болып есептеледі:
- екі жақтың бір-бірден корольдері ғана қалғанда;
- екі жақ бір позицияны үш рет қайталай бергенде;
- екі жақтың да күші қарсыласының короліне мат бере алмайтын болғанда;
- екі жақ 50 жүріс жасап бір-біріне фигура желінбесе және бірде-бір пешка орнынан жылжымаса;
- екі жақ тең ойынға өзара келіскенде.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ https://baribar.kz/student/5964/shakhmattan-pat-zhane-tenh-oyyn/ Мұрағатталған 25 ақпанның 2018 жылы.