Паркур
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Паркур французшадан parkour,parcours, parcours du combattant - деген сөздерінен қысқартылған арақашықтық, тосқауыл жолақ деген мағынаны білдіреді. Паркур - бөгеттерден асу, бағындыру ұғымынан туған көркемөнер спорттың бір түрі. Бұл спорт дене бұлшық еттерінің мықты дайындығын, тез шапшаңдығын және экстремалдылығын талап ететін спорттың бір түрі. Негізін қалаушылар Себастьян Фукан, Давид Белль. Бұл өнер бүкіл әлемде кеңінен тарап, жастар арасында қазіргі кездің әуесқой спортына айналды. Паркурдың басқа спорттардан ерекшелігі - көптеген тосқауылдарды бағындыру, ағаштардан, үлкен қабатты үйлер мен ғимараттардан, қабырғалардан неше түрлі дене қимылын қолдану арқылы секіру.