Парафин
Парафин [1] (лат. parum – аз және affіnіs – ұқсас) – C18H38 – C35H72 құрамындағы қаныққан көмірсутектерінің қоспасы; мұнай өнімі. Одан басқа Парафинде изопарафинді, циклопарафинді және нафтенді-ароматты көмірсутектер кездеседі. Физикалық қасиеттері түссіз, иіссіз, дәмсіз, балауыз тәрізді балқығыш зат; балқу температурасы 40 – 65, тығыздығы 0,880 – 0,915 г/см3 (15ӘС-та). Органикалық еріткіштер мен минералды майларда ериді. Қатты Парафинді (балқу температурасы 45 – 70ӘС) парафині көп мұнайдан және парафин-май қоспасын (гача) айырудан алады. Оның жоғары мөлшері (15 – 20%) Маңғыстау түбегіндегі мұнайда кездеседі. Сұйық Парафин (қайнау температурасы 180 – 360ӘС) мұнай өнімдерін карбамидті депарафиндеу кезінде алынады. Алынған Парафин қоспалардан тазартылады. Нашар тазартылған Парафин сары немесе қоңыр түсті және жарықта күңгірт тартады. Таза Парафин тамақ өнеркәсібінде (орағыш материал), медицинада, косметикада Мұрағатталған 21 маусымның 2011 жылы., сәндік бояу, иіс сулар мен иіс майлар дайындауда және электртехникада (оқшаулағыш материал) пайдаланылады. Парафин емдеу ісінде, майшам жасауда, жоғары май қышқылдарын, спирттер және жуғыш заттар алуда кеңінен қолданылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы 7 т,
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |