Мазмұнға өту

Огюст Роден

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Огюст Роден
Роден Огюст

Франсуа Огюст Рене Роден (12 қараша, 1840, Париж17 қараша, 1917, Медон, Париж маңы) — француз мүсіншісі.


  • 1864 ж. А.Л. Бариден оқыды.
  • 1871 — 77 ж. Париж бен Брюссельде жұмыс істеді.
  • 1875 ж. Италияны аралап, Микеланджело шығармашылық ықпалында болды.
  • 1860 — 70 жылдардағы Роденнің “Сынық мұрынды кісі” (қола, 1864) бейнесі мен адамзаттың ояну кезеңі бейнеленген “Қола дәуірі” (гипс, 1877, Санкт-Петербургтегі Эрмитажда) мүсінінен реалистік батыл ізденіс пен ой тереңдігі және пластикалық пошым арқылы қозғалысты жаңашылдықпен бере білу шеберлігі айқын көрініс тапты.
  • Роден 1880 жылдың басынан өмірінің соңына дейін “Тамұқ қақпасы” атты горельеф-композиция жасаумен шұғылданды. Осы композицияның жеке бөліктері дербес көркем туынды ретінде сомдалды. Олардың қатарына “Хауа” (мәрмәр, 1881, Мәскеудегі Бейнелеу өнері мұражайы), “Сүйіс” (гипс, 1886), т.б. мүсіндер жатады.
  • Мүсінші 1884 — 88 ж. Кале үшін “Кале азаматтары” атты атақты туындысын жасады. Бұл монументті топтамадағы қаһармандар шабуылынан қаланы қорғау үшін өлімге бас тіккендер образында патриоттық рух трагедиялыққа толы психологиялық терең толғаныспен тоғысқан. Роден шығармашылығының кейінгі кезеңіндегі кескіндемелік характердегі еңбектерінен символиктік бейнелеу кең орын алып, мүсіндердегі басты назар жарық пен көлеңкенің тынымсыз астасуына аударылды. Бұл жаңа бетбұрыс Роденді мүсін өнеріндегі импрессионизмнің негізін салушылардың қатарына қосты. Шебердің осы кезеңде сомдаған туындыларының санатына В.Гюго ескерткіші (1886 — 1900), О.Бальзак мүсіні (1893 — 97), “Еңбек мұнарасының” жобасы (1889) сияқты әйгілі еңбектері жатады.
  • Мұнымен бірге Роден адам мінезі жан-жақты ашылған портреттік мүсіндерді де (Ж.П. Лоранс, 1881; Ж.Далу, 1883; П.Пювис де Шаванна, 1891; В.Гюго, 1897; Мәскеудегі Бейнелеу өнері мұражайы) тұлғалады.
  • Роденнің озық реалистік шығармашылығы Еуропа мүсін өнеріне игі әсерін тигізді.[1][2][3][4][5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
  2. Мысли об искусстве. Воспоминания современников, М., 2000; Завещание, СПб., 2002.
  3. Вейс Д., Огюст Роден, М., 1969
  4. Стародубова В., Огюст Роден. Жизнь и творчество, М., 1998
  5. Пине Э., Роден, М., 2003.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Auguste Rodin