Мазмұнға өту

Ноумен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ноумен (гр.noumenon ) - мәнге тек ақыл-ой арқылы ғана (ой-өріс) қол жеткізуге болатындығын білдіретін, Феноменге кереғар термин. Платон бұл терминді алғаш ("Тимейде") қолдана отырып, Ноуменді өз бетінше өмір сүретін шындық және ойша бағдарлау пәні деп тұжырымдады. Кантта Ноумен екі түрлі мағынада қарастырылады: проблематикалық теріс түсінік түріндегі ("Таза ақыл-ойға сында") Ноумен, Мұнда ол интеллектуалдық интуицияның, талқылаудың объектісі ретінде көрінеді, ал "Практикалық ақыл-парасатқа сында" Кант Ноумен туралы дұрыс түсініктің мүмкіндігіне меңзейді, бұл жерде Ноумен - сезім-түйсіктен тысқары, пайымдаудың объектісі болып келеді. Мұндай күйдегі Ноуменге адам өресі жетпейді, өйткені, Канттың қорытындысы бойынша, адамның аңдау - пайымдау қабілеті тек сезім-түйсікке байланысты.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[1]

  1. Қазақ Энциклопедиясы - "Философиялық сөздік"