Мазмұнға өту

Неймар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Неймар Жуниор Футбол
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Неймар да Силва Сантос Жуниор

Лақап аттары

Жаңа Робиньо, Ней балақай, Ней Марадона[1]

Туған күні

5 ақпан 1992 (1992-02-05) (32 жас)

Туған жері

Можи-дас-Крузис

Азаматтығы

 Бразилия

Бойы

174 см

Салмағы

64 кг

Позиция

шабуылшы, вингер, жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Сауд Арабиясы Әл-Хилал

Номері

10

Жастар клубы
1999—2009 Бразилия Сантос
Клуб карьерасы[* 1]
2009—2013 Бразилия Сантос 177 (103)
2013—2017 Испания Барселона 123 (68)
2017—2023 Франция Пари Сен-Жермен 112 (82)
2023— Сауд Арабиясы Әл-Хилал
Ұлттық құрамы[* 2]
2009 Бразилия Бразилия-17 3 (1)
2011—2012 Бразилия Бразилия-20 7 (9)
2012—2016 Бразилия Бразилия (олимп.) 14 (8)
2010—  Бразилия 117 (71)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Неймар[2] да Силва Сантос Жуниор (порт. Neymar da Silva Santos Júnior) немесе қысқаша Неймар (5 ақпан 1992, Можи-дас-Крузис)[3] — бразилиялық футболшы, Бразилия құрамасы мен "Әл-Хилал" клубының шабуылшысы.

2008 жылы "Сантоспен" тұңғыш кәсіби келісім шартын жасасты. Жас талантты қатарына қосып алушы командалар көбейген соң нарқын тым жоғары бағалап қойды да, балаң футболшыны алуға ешкімнің зауқы соқпады.

2009 жылы 7 наурызда клубтағы тұңғыш ойынын өткізді. 2010 жылы алғашқы жүлдесіне қол жеткізіп, Сан-Паулу штатының чемпионы атанды. 2010 жылы қыркүйекте клуб бапкері Доривал Жуниорды пенальти тепкізбегені үшін сынға алды, онысы үшін ақшалай айыппұл салынды. Осы кикілжіңнің себебімен бапкер бір айдан соң қызметтен кетті. Маусым соңында Либертадорес кубогының иегері атанды.

2012 жылы 6 ақпанда клуб сапындағы 100-ші голын соқты. Жыл соңында 42 голмен Бразилия чемпионатының үздік мергені атанды. 2013 жылы 26 мамырда клуб сапындағы соңғы ойынын "Фламенгоға" қарсы өткізді. Бұл ойында есеп ашылмады.

2013 жылы мамыр айының соңғы күндерінде 57 млн еуроға "Сантостан" "Барселонаға" ауысты. 3 маусымда Неймарды таныстыру рәсімі өтті. Оған 56 мың көрермен жиналды.

"Барселона" сапындағы тұңғыш ресми ойынын 18 қыркүйек күні "Левантеге" қарсы өткізді. 24 қыркүйекте Испания чемпионатындағы тұңғыш голын "Реал Сосьедад" қақпасына соқты. 26 қазанда тұңғыш рет "Эль Класикода" ойнап, бір гол соқты. Бұл ойында "Барселона" 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жалпы 2013/14 жылғы маусымда 15 гол соқты.

2014/15 жылғы маусымда барлығы 39 гол соқты, УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды, Испания кубогы мен чемпионатында топ жарды.

"Барселона" сапында барлығы 176 ойын өткізіп, 105 голдың авторы атанды, 59 нәтижелі пас шығарды.

2017 жылы 3 тамызда 222 млн еуроға "Пари Сен-Жерменге" ауысты. Жаңа клубы сапындағы тұңғыш ойынын 13 тамызда "Генгамға" қарсы өткізді. 2017/18 жылғы маусымда Франция чемпионатында 20 кездесу өткізіп, 19 гол соқты да, Франция чемпионы атанды.

Ұлттық құрама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 2010 жылы 10 тамызда өткізді.

2013 жылғы Конфедерациялар кубогында барлық ойында гол соғып, турнирдің үздік ойыншысы әрі жеңімпазы атанды.

2014 жылғы әлем чемпионатында 4 гол соқты, ширек финалдағы Колумбиямен ойында ауыр жарақат алып, қалған ойындарға қатыса алмады.

2016 жылы Олимпиада чемпионы атанды.

2018 жылғы әлем чемпионатында екі гол соқты.

2019 жылы 10 қазанда Сенегал құрамасына қарсы матчта құрама сапындағы 100-ші кездесуін өткізді.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бразилия Сантос

Испания Барселона

Франция Пари Сен-Жермен

Бразилия Бразилия

  • Бразилия күміс добының иегері: 2010
  • Бразилия кубогының үздік шабуылшысы: 2010 (11 гол)
  • Артур Фриденрайх сыйлығының иегері: 2010
  • Оңтүстік Америка жастар командалары арасындағы чемптонаттың үздік шабуылшысы: 2011 (9 гол)
  • Оңтүстік Америка жастар командалары арасындағы чемптонаттың үздік ойыншысы : 2011
  • Либертадорес кубогының үздік ойыншысы : 2011
  • Бразилияның жыл ойыншысы: 2011
  • Оңтүстік Америка жыл ойыншысы: 2011, 2012
  • Клубтық әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2011
  • Пушкаш сыйлығының иегері: 2011
  • Либертадорес кубогының иегері: 2012
  • Бразилия маусымының үздік шабуылшысы: 2012 (42 гол)

Рекордтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • УЕФА Чемпиондар лигасының тарихындағы екі ширек финалда да, екі жартылай финалда да, турнир финалында да гол соққан алғашқы ойыншы (2014/15)
  • УЕФА Чемпиондар лигасының тарихындағы бір жарыста төрт матчта бір қарсыласқа гол соққан алғашқы ойыншы (2014/15)
  • Футбол тарихындағы Либертадорес кубогында және УЕФА Чемпиондар лигасында хет-трик жасаған алғашқы ойыншы (2013/14)
  • УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы Барселонаның ең жылдам хет-трикін жасады
  • Олимпиада ойындары тарихындағы ең жылдам голдың авторы

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Neymaradona Мұрағатталған 15 қарашаның 2013 жылы.
  2. Джастин Неймар. Барселона бразилиялық жұлдызды қалай қарсы алды (орыс.)
  3. Неймар да Силва Сантос Жуниордың өмірбаяны. РИА Жаңалықтары (3 маусым 2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 маусым 2013. (орыс.)