Мінәжат
Мінажат[1] (араб. сыбырлап сөйлеу, үнсіз егіліп тілеу, жалбарыну) – тілек, дұғаның бір түрі. Өтінішін Алладан сұрап жалбарыну дегенді білдіреді. Адамдар Жаратқанға сиынып, шексіз мейірімінен медет тілейді, мұң-мұқтажын айтып, қажетіне дауа сұрайды. Жан-тәнімен беріліп, жүрек түкпірінен шыққан тілегін айтады. Мұндай мінажат риясыз болып, мекен, уақыт талғамайды. Исламдық дәстүрде мінажат Аллаға мадақ ретінде қара сөз немесе өлең түрінде де келеді. Қаламгерлер туындыларын Аллаға мадақ айтумен аяқтап, соңында мінажат ететін болған. Мұндай үрдіс сопылық поэзияда да кездеседі. Қожа Ахмет Иасауи «Диуани хикмет» кітабын «Мінажат етті, міскін Қожа Ахмет» деп М. етумен тәмамдаған. Сондай-ақ әнмен айтылатын мінажат өлеңдері бар. Бастан-аяқ Аллаға арналған мадақ өлеңдер «Мінажатнама» деп аталады, мұндай жырлар ислам әдебиетінде ерекше бағаға ие. Қазіргі кезде «Иасауи» вокалдық тобы Иасауи, Ақ Ишан секілді діни ғұламалардың мінажат өлеңдерін сахналық үлгіде орындап жүр.
Тағы басқа
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақ Энциклопедиясы», 6 том