Машһад

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Машһад
парсы: مشهد
Әкімшілігі
Ел

 Иран

Остан

Хорасан-Резави

Мэр

Касем Тагхизаде-Хамеси

Тарихы мен географиясы
Координаттары

36°18′25″ с. е. 59°36′15″ ш. б. / 36.30694° с. е. 59.60417° ш. б. / 36.30694; 59.60417 (G) (O) (Я)Координаттар: 36°18′25″ с. е. 59°36′15″ ш. б. / 36.30694° с. е. 59.60417° ш. б. / 36.30694; 59.60417 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

818

Жер аумағы

458 км²

Уақыт белдеуі

UTC+3:30

Тұрғындары
Тұрғыны

3,000,000 адам (2018)

Тығыздығы

6262,77 адам/км²

Агломерация

4 454 000

Ресми тілі

парсы тілі

e-mashhad.ir  (парсы)

Машһад картада
Машһад
Машһад
Имам Резыдің мешіті.

Машһад (дыбысталуы ) (парсы: مشهد‎ — машха́д) — Иранның солтүстік-шығысындағы қала. Хорасан-Резави останының бас қаласы және ірі сауда, әкімшілік орталығы. Кешефруд өзенінің аңғарына орналасқан. Мұсылмандардың қажылыққа (имам Резаның мазарына) баратын орталығы («Екінші Мекке»).

Металл өңдеу, тоқыма, былғары-аяқ киім, тамақ, құрылыс материалдары кәсіпорындары, университет бар. Майдагерлік кәсіпшілік (кілем тоқу, ыдыс жасау т. б.) дамыған.

9 ғасырда Мешһед қаласының орнында Санабад қыстағы болды. Қыстақ Мешһед деген атпен алғашқы рет 10 ғасырдың аяғында араб географтарының деректерінде кездеседі. 11—12 ғасырда Мешһедті Ғазнауи әулеті мен салжщтар кезек биледі. 13 ғасырдың аяқ шенінде монғолдар Мешһедті қиратты. 14 ғасырдың аяғынан бастап Мешһед — Хорасанның бас қаласы. 15—17 ғасыр қарсаңында, Мешһедті алдымен Темір әулеті, онан кейін Сефеви әулеті иемденген кезеңдерде Мешһед гүлденіп өсті. 1736—47 жылы Мешһед— Нәдір шаһ мемлекетінің астанасы. 1795 жылы бүкіл Хорасанмен бірге Мешһедті Каджарлар бағындырды. Мешһедте һарун ар-Рашидтің зираты, Гауһашад (15 ғасыр), имам Реза (17 ғасырдың басы) мешіттері, Мешхедтің маңында ұлы ақын Фирдаусидің мазары бар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том