Мазмұнға өту

Логос

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Логос (көне грекше: λόγοςсөз, ой, сана, заң) — антикалық және христандық философиядағы ұғым. Жаратылыстың бастапқы кездегі жалпы заңдылығы, дүниенің негізі дегенді білдіреді.

  • Гераклит Логосты тап осы мәнінде айтады: барлығы да Логос бойынша өзгереді, ол — мәңгі, жалпы әрі қажетті нәрсе.
  • Идеалистер (Г.Гегель, В.Виндельбанд, С.Трубецкой, т.б.) Гераклиттің Логосын жалпылық санамен парапар деп санаған.
  • Платон философиясында Логос — бұл жоғары онтология сатының төмен дәрежеде өмір сүруінің жолы: ақыл — бұл бірлік Логосы, жан — ақылдың Логосы.
  • Аристотель “Логос” терминін “анықтама” немесе “жалпы зерделілік” мағынасында пайдаланады. Жалпы, Платон мен Аристотель Логосты болмыстың заңдылығы, логикалық принцип деп түсінді.
  • Стоиктер “Логос” терминімен физика және рухани дүниені белгіледі.
  • Иудейлік-александр. мектептің өкілі Филон (1 ғасыр) Логос жөніндегі ілімінде оны Платон идеяларының жиынтығы тәрізді Құдай мен жаратылған дүниені ұштастыратын жасампаз күш деп дәріптеді. Оның пікірінше, жаралған әлемде Логос жан беретін күш, тағдыр ретінде өмір сүреді.
  • Жаңа кезеңде Гегель Логос деп өз философия абстракт идеяны атайды.
  • Ресейдегі діни-идеалистік философ өкілдері (В.Ф. Эрн, П.А. Флоренский, т.б.) Логостың құдіреттілігі идеясын қайта түлетуге тырысты.
  • Шығыс философиясындағы Логос ұғымы дао (қыт. ) ұғымымен, ішінара дхарма (санскрит धर्म) ұғымымен ұқсас.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3