Мазмұнға өту

Кофи Аннан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кофи Атта Аннан
ағылш. Kofi Atta Annan
Кофи Аннан
Лауазымы
Ту
Ту
БҰҰ Бас хатшысы
Ту
Ту
1 қаңтар 1997 — 31 желтоқсан 2006
Ізашары Бутрос Бутрос-Гали
Ізбасары Пан Ги Мун
Ту
Ту
БҰҰ мен Араб Лигасының Сириядағы өкілі
Ту
Ту
23 ақпан 2012 — 31 тамыз 2012
Губернатор Пан Ги Мун (БҰҰ)

Нәбиль әл-Араби (АЛ)

Ізашары лауазымы ұйымдастырылды
Ізбасары Лахдар Браһими
Ту
Ту
БҰҰ Бас хатшысының бейбітшілік операциялары жөніндегі орынбасары
Ту
Ту
1 наурыз 1993 — 31 желтоқсан 1996
Губернатор Бутрос Бутрос-Гали
Ізашары Маррак Гулдинг
Ізбасары Бернар Мийе
Ту
Ту
Гана университетінің канцлері
2008 — 2018
Ізашары Эммануэль Ной Омабое
Ізбасары Мэри Чинери-Гессе
Өмірбаяны
Білімі Куаме Нкрума ғылым және технология университеті

Макалестер колледжі
Женева халықаралық қатынастар институты
Массачусетс технологиялық институты

Мамандығы дипломат, экономист
Дүниеге келуі 8 сәуір 1938 (1938-04-08)
Кумаси, Алтын жағалау колониясы (қазіргі Гана)
Қайтыс болуы 18 тамыз 2018 (2018-08-18) (80 жас)
Берн, Швейцария
Жұбайы Тити Алакия

(1965–1983) (ажырасты)
Нане Лагергрен
(1984–)

Қолтаңбасы Қолтаңбасы

Кофи Атта Аннан (ағылш. Kofi Atta Annan; 8 сәуір 1938 жылы Кумаси, Гана - 18 тамыз 2018, Берн, Швейцария) — Гана дипломаты, БҰҰ-ның 7-ші Бас хатшысы (19972006).

1938 жылдың 8 сәуірінде Алтын жағалау атты Британ отарында (қазіргі Гана) дүниеге келді. «Кофи» деген сөз оның ана тілінде «жұма қүні туған» деген мағынаны білдіреді. Туған Кумаси қаласындағы технологиялық университетте оқып, білім алуын Миннесота қаласындағы (АҚШ) Макалистер колледжінде тамамдаған. Женевада аспирантура бітіріп, Массачусетс технологиялық институтында менеджмент бойынша магистр дәрежесін алған (1972). 30 жылдан аса БҰҰ аппаратында қызмет істеп, ұйымдастыру-қаржы, босқындар және бейбіт келіссөздер мәселелерімен айналысты.

БҰҰ бас хатшысы ретінде жұмысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1 қаңтар 1997 жылы сайланған, 29 маусым 2001 жылы қайта сайланған, 2006 жылы 31 желтоқсанға дейін жұмысын атқарды.

Бүкіләлемдік Экономикалық Форумдағы Кофи Аннан

2001 жылғы Нобель сыйлығының иегері. 19901992 ж. БҰҰ Бас хатшысының жоспарлау, бюджет, қаржы бағдарламалары жөніндегі көмекшісі және БҰҰ инспекторы қызметтерін атқарды. 1990 ж. Ирак Кувейтті басып алғаннан кейін халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің әкетілуін ұйымдастыру үшін Иракқа жіберілді. Тұтқындарды босату жөніндегі келіссөздерге қатынасып, мұнайға азық-түлік айырбастау жөнінде Иракпен келіссөз жүргізген. 19931996 ж. Бас хатшының бейбітшілік сақтау операциялары жөніндегі орынбасары, 19951996 ж. Бас хатшының бұрынғы Югославиядағы арнайы өкілі және НАТО-дағы арнайы эмиссары қызметтерінде болып, БҰҰ-ның Босния және Герцеговинадағы көпұлтты күштерінің 1995 жылғы Дейтон келісімін орындау операцияларына бақылау жасады.

1997 ж. БҰҰ Бас хатшысы болып сайланды. Ол жаңа қызметінде жүріп, ұйымның әкімшілік шығындарын азайтуға күш салды. 1998 ж. ақпанда Иран президенті Саддам Хусейнмен келіссөз жүргізіп, Иракқа БҰҰ инспекторларын кіргізу, оның орнына АҚШ авиациясының шабуылын тоқтату жөніндегі келісімге қол жеткізді. Бірақ сол жылы желтоқсанда АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтері, келісім бұзылды деген желеумен Иракты бомбалады. Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылықты орнықтыру мақсатында ол 2002 жылы қазан айында көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда болып қайтты.

Аннан және Ресей Президенті Владимир Путин БҰҰ Штаб-пәтерінде, Нью-Йорк, 2001

Аннан кедейлерге дәрі-дәрмек тарату арқылы Африкада АИВ-ның таралуына қарсы белсенді және табысты әрекет жасады. 2001 жылы ол АИВ/ЖИТС індетімен күресу жоспарын белгілеген «Әрекетке шақыруын» жариялады. 2000 жылдың 26 ​​шілде күні Кофи Аннан "БҰҰ Жаһандық шартының" негізін қалады.