Контрабас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Контрабас

Контрабас (итал. contrabasso) – ысқымен тартылатын ішекті музыкалық аспап. Көлемі үлкен (2 м-ге жуық), дыбысы жағынан ең төменгі дауысты скрипка типтес, 4 ішекті, кварта бұрауымен бұралады. Контрабастың 3 және 5 ішекті түрлері де болады. Көбінесе, Контрабаста түрегеліп тұрып ойнайды. Контрабас оркестр мен ансамбльдерде ең төменгі партияны орындауда маңызды рөл атқарады. Кейде жеке орындау үшін және концерттік аспап ретінде қолданылады. Кейде “Контрабас” деп ең төменгі регистрлі музыкалық аспаптардың түрлерін де атайды (Контрабас – тромбон, Контрабас – керней, Контрабас – балалайка, Контрабас – домбыра, Контрабас – қобыз, т.б.). Профессор А.Жұбанов Қазақ халық аспаптары оркестріне домбыраның және қобыздың Контрабастарын енгізді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9