Кабель
Кабель (голл. kabel – канат, сым арқан) — қорғаныш қаптамасы бар бітеу қабыққа салынған оқшауланған өткізгіш немесе өткізгіштер тобы.
Кабель электр энергиясын және сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады. Кабель арналу мақсатына орай күш кабелі (электр энергиясын тасымалдайтын), байланыс кабелі (сигналдарды тасымалдайтын), радиожиіліктік кабель (жоғары жиіліктік) болып бөлінеді. Кабельдің құралымы оны тарту (су және жер астында, ауада, зиянды ортада, т.б.) және пайдалану ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып жасалады. Мысалы, Атлант мұхиты арқылы Еуропа мен Солтүстік Америка арасындағы алғашқы кабельді байланыс – күшейткіштері бар монтаждалған герметикалық коаксиал кабель жәрдемімен жүзеге асырылды (ұызндығы 4000 км).
Күш кабелі талсымдарының көлденең қимасы тасымалданатын электр қуатының шамасына сәйкес 10 – 150 мм2 болады. Кез келген кабельге тән ортақ элементтер: ток өткізетін талсымдар, оқшаулама және сыртын қаптайтын қаптама. Ток өткізетін талсымдар алюминийден немесе мыстан жасалады. Пайдалану мақсатына орай кабель бір сымды немесе көп сымды болады. Кабель оқшауламасы диэлектрик материалдардан жасалады, олар ток өткізетін талсымдарды бір-бірінен және қаптамадан бөліп тұрады. Көп талсымды кабельге жұмыр пішін беру үшін арнаулы құрсаулық оқшауламамен (1-суретте) қапталады. кабельдің цилиндр формалы қаптамасы оқшауланған ток өткізетін талсымдарды ылғал мен химиялық заттар әсерінен қорғайды. Әдетте, қорғасын не алюминийден жасалынған қаптама қолданылады. Пластмасса оқшауламасы бар кабельдердің қаптамасы әр түрлі поливинилхлоридтерден, ал резина оқшауламасы бар кабельде – резинадан жасалады. Қаптаманы мех. зақымнан, тоттанудан қорғау үшін қорғауыш жамылғымен (бронмен) орайды. Бронды қабат ретінде қалыңд. 0,3 – 0,8 мм болат лента пайдаланылады. Кабель керу күшінің әсеріне шыдау үшін сыртына диам. 1,4 – 6 мм мырышталған болат сым оралады. Жоғары кернеулі күш кабелі тармағының ортасы қуыс болады, ол арнайы минералдық маймен толтырылады (2-сурет). Жоғары қысымды Кабельдің оқшауланған тармақтары 15 – 20 ат. қысымдағы маймен толтырылған болат құбырға орналастырылады. Қазақстанда кабель өнімдерін жасаумен “Қазэнергокабель” акционерлік қоғамы шұғылданады (1999). Оның өндірістік қуаты жылына АВВГ, ВВГ күштік кабельін өндіру – 850 км; АКВВГ, КВВГ балқымалық кабельін өндіру – 600 км; АПВ, АППВ қондырғылау кабельін өндіру – 2800 км; А, АС жалаңаш сым өндіру – 500 тн; МФ, МТ-2 троллей сымын өндіру – 200 тн. [1]
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пайдаланылатын физикалық ортаға байланысты кабельдердің екі тобы қарастырылады.
- жалпақ кабельдер (eсілген жұптар және коаксиал кабельдер, сәуле шығаратын кабельдер құрайды)
Оларда электр сигналы металл, көбінесе мыс арқылы беріледі.
Бұлардың ең арзаны — жалпақ кабельдер, оның бірнеше өткізгіштері бір жолға қатар салына береді. Алайда жалпақ кабельдердің сигнал тарату жылдамдығы төмен өрі олар электромагниттік бөгеуілдерден қорғалмаған. Бұл кабельдер қысқа құрастырулар кезінде кеңінен пайдаланылады. Есілген жұптар жалпақ кабельдерден гөрі қымбаттау. Бірақ олар электромагниттік бөгеуілдерден жақсы қорғалған. Есілген жұптар, негізінен, абоненттік арналарды жасағанда пайдаланылады. Коаксиал кабельдері ең қымбат кабельдердің бірі. Олар сигналдарды үлкен жылдамдықпен таратады әрі бөгеуілдерден жақсы қорғалған. Коаксиал кабельдер кең жолақты арналарды жасағанда жиі пайдаланылады.
- жарықты таратуға арналған (олардың негізін электромагниттік богеуілдерден барынша жақсы қорғалған сәулежолдар құрайды)
Оптикалық кабельдер коаксиал кабельдерден қымбат, бірақ оптикалық арналардың сигнал тарату жылдамдығы үлкен. Жерге кабель төсеу процесі көп еңбекті қажет етеді. Бұл, әсіресе, әр түрлі құбырлармен және электр кабельдерімен толтырылған қала көшелерінде байқалады. Сол себепті мұнда кабель төсеу үшін жоғары вольттық электр тарату жолдарының бағаналары, трамвай мен троллейбустардың электр сымдарының бекіткіштері, метро туннельдері, темір жолдар, өзендер, арналар, т.б. кеңінен қолданылады.
Кабель муфталары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кабель муфталары (Кабельные муфты) — кабель сымдарын, талшықтарын, тізбектерін сапалы жалғап және қорғағыш қабықтарын жабдықтап, жалпы алғанда, кабельдің жалғанған жеріндегі көрсеткіштерін қамтамасыз етуге арналған.
Кабель бокстері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кабель бокстері (Кабельные боксы). Шеткі станцияларға келетін кабель құрылғыларын қосу үшін кабель бокстері пайдаланылады. Жергілікті байланыс кабельдерінің сыйымдылығы 10х2-нан 100х2-ге шейін болады. Боксқа келген кабель талшықтары бокстың бет жағына орналасқан он тізбекке (20 талшыққа) арналған плинттерге жалғанады. Бір бокстағы плинттер саны 1-ден 10-ға дейін болады. Қалааралық кабельдердің бокстарының сыйымдылығы аз. Олар 4x4 немесе 7x4 кабельдерін монтаждауға арналған.
Кабель сауыты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кабель сауыты (Броня кабеля) — кабельдің өзекшесін механикалық әсерлерден қорғауға арналған кабель құрастыру элементтері.
Сауыт ретінде тығыздығы әр түрлі металл, болат сымдар пайдаланылады. Оптикалық кабельдерде полимерлік материалдардан жасалған сауытты қаптамалар жиі пайдаланылады. Берік қорғаныс қажет болған жағдайда көпқабаггы сауыт ерекше мақсатта, мысалы, теңізге немесе шахтаға төсеуғе, кемірушілерден қорғауға қолданылады.
Кабель сауыты оптикалық кабель қабығының сыртынан салынады.
Кабель тізбектерін симметриялау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кабель тізбектерін симметриялау (Симметрирование кабельных цепей). Кабель тізбектерінің арасындағы өзара әсерді азайту үшін кабельді жасау және оның құрылыстық ұзындықтарын жалғап косу кезінде қолданылатын шаралар.
Кабельді жасау кезінде симметриялау үшін оның сымдарын (талшықтарын) жұптап , екі жұп және жұлдызша әдісімен еседі. Төменгі (дыбыстық) жиілікте пайдаланылатын кабель тізбектерінің арасныдағы магниттік байланыс өте аз, сондықтан өзара әсер тек сыйымдылық байланыспен анықталады. Сондықтан мұндай кабель тізбектерінің осы сйымдылықтың байланысын азайту үшін оны бұрап еседі. Сонда сол тізбектегі сымдар басқа топтардағы сымдарға қарағанда орындарын ауыстырып тұрады. Көрші орналасқан топтардың есілу қадамдары әртүрлі болуы керек. Әр түрлі топтарда орналасқан тізбектер арасындағы байланыс олардың есілу қадамына және есілу бағытына байланысты.
Кабельдің құрылыстық ұзындықтарын жалғап қосқанда, тізбектердегі өзара байланыс әсерін азайту үшін тізбек пен сымдардың арасындағы сыйымдылық коэффициентін (төменгі жиіліктегі кабельдерде) және жақын, қашық шеттердеғі ауысу өшуліктерін өлшеп, оларды берілген өлшемге әкелу үшін сымдардың орындарын ауыстырып және қарсы байланыс контурларын қосады. Осындай шараларды симметриялау деп атайды. [2]
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |