Мазмұнға өту

Жем (азық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Түк шөп
 Басқа мағыналар үшін Жем деген бетті қараңыз.

Жем — мал азығы; малға азық болатын әр түрлі өнімдер.

Жем, қоспа жем - мал азығына жұмсалатын құнарлы азық. Жалпы ж.-ге дән мен оның жарма, кебек секілді өңдеу қалдықтары, күнжара мен шрот секілді техникалық өндіріс қалдықтары жатады. Құнарлы жемнің жалпы қоректілігі мал азығы ішіндегі ең жоғары - 1 кг-да 0,9-1,3 азық өлшемі көлеміңде келеді. 1 азық өлшеміне келетін протеин мен көмірсулар мөлшері бойынша ж.-ді 1 а.ө.-гі қорытылатын протеині 70-100 г шамасындағы, орнына дені крахмал түрінде жиналған көмірсулары көп энергетикалық ж. (оған астық тұқымдастар дәні жатады) мен 1 а.о.-гі қорытылатын протеині 200-300 г шамасындағы протеиндік ж. (оған бұршақ тұқымдастар дәні мен күнжара, шрот, жануар тектес азықтар жатады) болып бөлінеді.[1][2]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6
  2. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3