Мазмұнға өту

Ж

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
  Қазақ кирил әліпбиі  
-{Аа}- -{Әә}- -{Бб}- -{Вв}- -{Гг}- -{Ғғ}- -{Дд}-
-{Ее}- -{Ёё}- -{Жж}- -{Зз}- -{Ии}- -{Йй}- -{Кк}-
-{Ққ}- -{Лл}- -{Мм}- -{Нн}- -{Ңң}- -{Оо}- -{Өө}-
-{Пп}- -{Рр}- -{Сс}- -{Тт}- -{Уу}- -{Ұұ}- -{Үү}-
-{Фф}- -{Хх}- -{Һһ}- -{Цц}- -{Чч}- -{Шш}- -{Щщ}-
-{Ъъ}- -{Ыы}- -{Іі}- -{Ьь}- -{Ээ}- -{Юю}- -{Яя}-

Ж, ж — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.

Тіл алдының таңдайға жуықтауынан жасалатын ұян дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Ж-нің жалаң (спирант), қосынды (аффрикат - "дж") түрлері бар. Аффрикат Ж-нің қазақ тілінде дербес фонемалық мәні жоқ, ол - спирант Ж-нің нұсқасы. Қазақ тілінің табиғи айтылу заңдылықтарына сәйкес: орысша - аффрикат - "дж" ретінде дыбысталады. Сөздің қазақша айтылуы: джиһаз, джігіт, джұрт, мұғалджар, үрджар, жазылуы - жиһаз, жігіт, мұғалжар, үржар, т.б. Кейде сөз ішінде (Ж) дыбысы іргелес қатаң дыбыстың ықпалымен "ш" дыбысына ұқсас естіледі, бірақ жазылуда бұл ескерілмейді. Мысалы, айтылуы - дошшан, бешшүз, жазылуы - досжан, бес жүз. Түркі тілдерінің көпшілігінде "Ж" орнына "й" дыбысы айтылады (жол - йол, жас - йаш).

"Ж" қазақ тілінің байырғы сөздерінің аяғында өте сирек кездеседі (лаж, мұхтаж т.б.).

Транскрипциясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ж кирил әрпі латын тілдерін транскрипциясында түрлі жазылады: чех, словак, словен, хорват тілдерінің жазбаларында Ž әрпі, поляк тілінде - Ż нұсқасы; роман тілдерінде - G немесе J , в герман тілдерінде — диграф zh (ағыл.) немесе sh (нем.) т.б.[1][2].

Кодтар кестесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Код Регистр Ондық
код
16-лық
код
8-дік
код
Екілік код
Юникод Бас 1046 0416 002026 00000100 00010110
Кіші 1078 0436 002066 00000100 00110110
ISO 8859-5 Бас 182 B6 266 10110110
Кіші 214 D6 326 11010110
KOI 8 Бас 246 F6 366 11110110
Кіші 214 D6 326 11010110
Windows 1251 Бас 198 C6 306 11000110
Кіші 230 E6 346 11100110

HTML жүйесінде бас әріп «Ж»-ны Ж немесе code>Ж, ал кіші «ж» әріпін - ж немесе ж деп белгілейді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 4 том
  2. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Cyrillic alphabet