Мазмұнға өту

Егізшоқы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Егізшоқы

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торғайтәрізділер
Тұқымдасы: Buphagidae
Түрі: Buphagus
Екі-есімді атауы
Buphagus
Brisson, 1760

Егізшоқы немесе енеке қараторғайы (лат. Buphagus) — тек Африка континентіде кең таралған Торғайтәріздестер отрядінің құстары. Бұл құстардың ерекшелігі - ірі қара малға, пілдер, мүйізтұмсықтар, әсіресе енекелерге үйір болуы. Жануардың арқасына отырып алып сонымен бірге ұзақ жолсерік болып, соның терісіндегі құрт-құмырсқалармен, қандалалармен, биттерімен көректенеді. Бірақ бұл симбиоз ірі мал үшін айтардай пайдалы емес. Себебі құстардың тұмсығымен сол мал терісін жарақатталғанның нәтижесінде патогендік микрофлораны жұқтырады. Құстар ол малдың қанын да арасында ішеді.

Биологикалық сипаттама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Егізшоқылар - ірі емес (кәдімгі қараторғайдай) құстар, басқа құстардаң тек қана "тұрмыс дәстүрімен" ғана емес, тұмсығының және аяқтарының құрылысымен де ерекшеленеді. Тұмсығы әлуетті, қысқаш сияқты, енді, тұмсығының табаны - дөңгелек тәрізді, ұшы - қайырылған. Аяқтары да өте күшті, қатты қайырылып қалған өткір тырнақтарымен. Қанаттары ұзын. Құйрығы еді, үшбұрыш тәрізді. терісі өте қалың болады. Түсі - көбінесе сұрғылт емесе қоңыр, төменгі жағы - ақшылдау. Көзі - қызғылт, тұмсығы да ашық түсті сары немесе қызыл.

Егізшоқылар тек Африкада Сахара даланың оңтүстігінде ғана кездеседі.

Пайдалынған әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Жизнь Животных т.6 Птицы М.: Просвещение 1986
  • “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Егізшоқы