Дэвид Гаррик
Көрініс
Дэвид Гаррик | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Лондон |
Дэвид Гаррик (19.2.1717,Херефорд-20.1.1779,Элтрон)- ағылшын актері,театр қайраткері,драматург,Еуропадағы сахналық реализмнің негізін салушылардың бірі, сахна реформаторы. 1741 жылы У.Шекспир трагедиясы бойынша Ричард 3 ролін орындады. Осыдан кейін-ақ оның есімі Англияның үздік актерінің санатына қосылды.1742 жылы «Друри-Лейн» театрына қызметке шақырылды. Сахнада ойнаумен қатар,1747-1776 жылдары осы театрға жетекшілік етті. 18 ғасырдағы ағылшын ағартушыларының театр эстетикасына сүйене отырып, классицизмнің шарттылықтарына қарсы күрес жүргізді. Творчествосында өзі ойнаған сахналық тұлғаларының көрермендерге етене жақын әрі түсінікті болуына баса назар аударды. Ол У.Шекспирдің 25 пьесасында ойнаған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ энциклопедиясы