Мазмұнға өту

Дунит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Дунит — (Жаңа Зеландиядағы Дун тауына қатысты аталған) — оливин минералынан тұратын, хромшпинелидтердің азын-аулақ мөлшерін кіріктіретін аса негізді интрузивті тау жынысы. Құрамының 90%-тен көбі оливин, қосымша минерал ретінде пироксен, кейде анартас, плагиоклаз кездеседі. Құрылымы толық кристалды, ұсақ, орта түйірлі. Нақышы шомбал. Түсі сарғыш жасылдан қараға дейін. Меншіктік салмағы 3,2 г/см3. Дунит жер қыртысында негізді магманың ыдырау өнімі ретінде габброидтармен бірге кездеседі, кейде жеке кристалданады. Қазақстанда Дунит Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында кеңінен тараған, басқа аймақтарда сирек кездеседі. Дунит массивтерінде хром, платина, асбест кендері орналасады. Дунит отқа төзімді материалдар дайындауда пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2