Глюон
Глюон (ағылш. gluon - клей) - спині бірге тең, нөлге тең тыныштық массалы, кварктар арасындағы күшті өзара әсерлесулердің тасымалдаушысы болатын электр бейтарап бөлшек.[1] Кванттық хромодинамикада, кванттық электродинамикадағы сияқты, кварктар өзара әсерлесу өрісінің кванттарын алмастыру арқылы әсерлеседі. Осы әсерлесу кванттары глюондар деп аталады.Кванттық хромодинамиканың кванттық электродинамикан айырмашылығы-кварктық Дирак өрісінің үш түстік күйінің болатындығы мен ол күйлердің біреуінің екіншісі арқылы түстік кеңістікте түрлене алатындығы. Осыдан кварктардың өзара әсерлесулерін қамтамасыз ететін мөлшерлегіш векторлық Янг-Миллс өрісінің 8 түрі болуы тиіс. Бұл глюондардың да 8 түстік түрі болады деген сөз. Демек, кварктар глюондық өріспен әсерлесу кезінде түсін өзгертеді, түсті глюондар шығарады. Сөйтіп глюондық өріске түс тән. Глюондық өріске түс тән болғандықтан, ол өзін тағы жаңа глюондық өріс туғыза алады және глюондық өрістер өзара ісерлеседі. Осыған байланысты глюлондық өрістердің теңдеулері сызықтық емес болады.Осылардың нәтижесінде кванттық хромодинамиканың Фейнман диаграммаларында кәдімгі кварк-глюондық төбемен қатар, үш глюондық, төрт глюондық төбелер пайда болады.Үш глюондық түйін глюонның глюон шығаруына сәйкес келсе, төртглюондық түйін глюонаралық әсерлесуді сипаттайды.Кванттық хромодинамикада глюондардың өз өрісімен әсерлесуінен асимтотикалық еркіндік деген тамаша эффект туады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|