Галенит
Галенит, қорғасын жылтыры – сульфид класындағы минерал. Хим. формуласы PbS. Кубтық сингонияда кристалданып, тұтас масса, түйіршік агрегаттар түрінде кездеседі.[1] Түсі қорғасындай сұр, металдай жылтыр; қатт. 2 – 3, менш. салм. 7,4 – 7,6 г/см3, морт сынғыш, электр тогын өткізеді, түрлі фотоэлектрлік әсер береді, диамагниттік, детекторлық қасиеттері бар. Гидротермальдық және кейбір шөгінді кен орындарында кездеседі. Г. – қорғасынның негізгі кентасы. Одан қорғасынмен қоса күміс, селен, висмут және мырыш өндіріледі. Г-тің концентратынан ақ сыр, бояу алынады. Қазақстанда Г. Кенді Алтай мен Сарыарқадағы қорғасын кен орындарында кездеседі.[2]
Ерекшелігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Галена өзіне тән "қорғасын сұр" түсімен және қарқынды "күміс" жылтырымен, сондай-ақ осы минералға тән тығыздығымен оңай анықталады.
Галена арсенопириттен түсі, тығыздығы жоғары, қаттылығы төмен, текше бойынша бөлінуімен ерекшеленеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |