Мазмұнға өту

Вулканешты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Вулканешты
ғағ. Valkaneş
Әкімшілігі
Ел

 Молдова

Аймағы

Ғағауызстан

Ішкі бөлінісі

коммуна

Тарихы мен географиясы
Координаттары

45°41′03″ с. е. 28°24′10″ ш. б. / 45.68417° с. е. 28.40278° ш. б. / 45.68417; 28.40278 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°41′03″ с. е. 28°24′10″ ш. б. / 45.68417° с. е. 28.40278° ш. б. / 45.68417; 28.40278 (G) (O) (Я)

Алғашқы дерек

1605

 статусы

1995

Уақыт белдеуі

UTC+2:00

Тұрғындары
Тұрғыны

15 462 адам (2004)

Ұлттық құрамы

70,25% - ғағауыздар, 11,31% - молдовандар, 7,67% - орыстар

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+373 293 -----

Пошта индексі

MD-5301

Вулканешты картада
Вулканешты
Вулканешты

Вулканешты (молд. Vulcănești, Вулкэнешть, ғағ. Valkaneş) — Молдовадағы Ғағауыз автономиялық аумақтық бірлігі құрамындағы қала.[1][2][3][4]

Вулканешты - Вулканешты ауданының әкімшілік орталығы, Кагул өзенінің бойында. Кишиневтан 180 км, Украина шекарасынан 7 км, Румыния шекарасынан 35 км қашықтықта орналасқан.[5]

2004 жылғы халық санағы бойынша Вулканешты қаласының халқы 15462 адамды құрайды: 47,69% ерлер, 52,31% әйелдер. Ұлттық құрамы:

Вулканешты қаласының қашан құрылғанын нақты айту қиын.[7] Қалаға Кагул жағынан кіре берістегі стелада 1712 жылы деп көрсетілген.«Бессарабияның өзі немесе Буджака деп аталатын статистикалық сипаттамасы» (Акерман, 1899) кітабында 1703 жылы «Вулканешты колониясының» болғаны туралы ақпарат берілген. Бірақ Вулканешты ауылы туралы алғашқы ескерту 1605 жылдан басталады. Владимир Никудің «Молдавияның қоныстары құжаттарда және көне (ескі) кітаптарда» библиографиялық нұсқаулығында Вулканешты ауылы 1605 жылы 12 сәуірде аттестациядан өткені айтылады, бірақ бұл елді мекеннің нақты қай жерде орналасқаны туралы нақты мәлімет жоқ.

Ғағауыз ағартушысы Михаил Чакир «Вулканешты» сөзі татар тілінен шыққан және «көп қан» дегенді білдіреді деп есептеген. Өйткені 250 жыл бұрын 1768-1774 жылдардағы орыс-түрік соғысының Кагул шайқасы деп аталатын басты шайқастарының бірі қазіргі Вулканешты қаласының маңындағы Кагул өзенінің бойында өтті.

Ақын Александр Пушкиннің де табаны Вулканешты жерін басып өткен. 1823 жылы оңтүстікке жер аударылған кезде Гречен жолының бойымен Кагул ұрыс даласынан өткені туралы, онымен бірге болған мемлекеттік шенеунік Липрандидің жазбаша дәректері бар.

1940 жылы қарашада Вулканешты аудан орталығы болды.[8] 1965 жылы Вулканешты ауылы қала типтес елді мекен, 1995 жылы қала мәртебесін алды.[9] 1993 жылдың 23 желтоқсанынан бастап Вулканешты Ғағауыз автономиялық аумақтық бірлігі құрамына кіреді.[10]

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Вулканешті Кишинев, Румыния, Украинамен байланыстыратын Вулканешты теміржол торабы бар.[11] Қала аумағы арқылы Кишинев-Джурджулести-Галати халықаралық тас жолы өтеді.

Резидент-фирмалардың негізгі қызметі: шарап өндіру, тігу, сұрыптау, орау, таңбалау және тауарлармен басқа да операциялар, көтерме сауда. Қаланың аграрлық секторын жүзім шаруашылығы, бау-бақша және мал шаруашылығы кәсіпорындары құрайды. Жетекші кәсіпорындарға «Agro-Gigant» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі[12] мен «Nezetli-Iuzium»[13] жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жатады.

Әлеуметтік салалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Білім беру жүйесіне

  • 6 мектепке дейінгі мекеме,[14]
  • 2 жалпы білім беретін мектеп,[15]
  • гимназия,[16]
  • 2 теориялық лицей кіреді.[17][18]

Қалада музыка[19] және өнер мектебі, [20] балалар шығармашылық үйі,[21] кітапхана,[22] мұражай[23] бар. Вулканешты тұрғындарына медициналық қызметтерді аудандық аурухана мен отбасылық дәрігерлер орталығы көрсетеді.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. г. Вулканешты https://www.gagauzia.md/ru/ato-gagauziya/naselennyie-punktyi/vulkaneshtskij-rajon/g.-vulkaneshtyi.html
  2. Откройте Молдову: Вулкэнешть – древнее и легендарное поселение https://noi.md/ru/obshhestvo/otkrojte-moldovu-vulkjeneshti-drevnee-i-legendarnoe-poselenie
  3. Официальный сайт города Вулканешты https://www.vulcanestimd.com/vulkaneshty
  4. Значение слова вулканешты https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D0%B2%D1%83%D0%BB%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D0%B5%D1%88%D1%82%D1%8B
  5. Вулканешты https://chrontime.com/city-md-vulcanesti(қолжетпейтін сілтеме)
  6. a b Вулкэнешть, Гагаузия, АТО https://moldovenii.md/ru/city/details/id/130
  7. Пять исторических фактов о городе Вулканешты https://laf.md/2021/10/14/pjat-istoricheskih-faktov-o-gorode-vulkaneshty/
  8. ВУЛКАНЕШТЫ https://gazetapanorama.wordpress.com/2011/10/13/%D0%B2%D1%83%D0%BB%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D0%B5%D1%88%D1%82%D1%8B/
  9. Вулканешты – город неразгаданных тайн https://vestigagauzii.md/index.php/novosti/obshchestvo/2179-vulkaneshty-gorod-nerazgadannykh-tajn
  10. Вулканешты http://moldova-inform.ru/?p=60
  11. Вулканешты http://travellers.ru/city-vulkaneshty Мұрағатталған 28 шілденің 2022 жылы.
  12. ООО "Гигант-Агро" https://reabiz.ru/company/60717
  13. Незетли юзюм ООО https://newotzyv.ru/nezetli-yuzyum-ooo
  14. Дошкольные Учреждения И Детские Сады в Вулканешты https://xn----8sbnadqrtzjid0d5cj.cybo.com/MD/%D0%B2%D1%83%D0%BB%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D0%B5%D1%88%D1%82%D1%8B/%D0%B4%D0%BE%D1%88%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B5-%D1%83%D1%87%D1%80%D0%B5%D0%B6%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F-%D0%B8-%D0%B4%D0%B5%D1%82%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B5-%D1%81%D0%B0%D0%B4%D1%8B/(қолжетпейтін сілтеме)
  15. Средняя школа в городе Вулканешты http://vulcanesti.wikimapia.org/tag/44794/(қолжетпейтін сілтеме)
  16. Гимназия им. С. Руденко г.Вулканешты https://guogagauzii.md/gimnaziya-im-s-rudenko-g-vulkaneshty
  17. Теоретический лицей им. А. Должненко г. Вулканешты https://guogagauzii.md/teoreticheskij-litsej-im-a-dolzhnenko-g-vulkaneshty
  18. Лицей №1 https://proshkolu.ru/org/vulkaneshty1/
  19. Детская музыкальная школа г. Вулканешты https://guogagauzii.md/detskaya-muzykalnaya-shkola-g-vulkaneshty
  20. Художественная школа города Вулканешты http://vulcanesti.md/component/k2/item/2950-khudozhestvennaya-shkola-goroda-vulkaneshty-ob-yavlyaet-nabor-uchashchikhsya Мұрағатталған 28 шілденің 2022 жылы.
  21. Вулканештский Дом детского творчества https://guogagauzii.md/vulkaneshtskij-dom-detskogo-tvorchestva
  22. Публичная библиотека района Вулканешть https://www.prospect.md/ru/business/biblioteki/publichnaya-biblioteka-rayona-vulkaneshti.html
  23. ИСТОРИЧЕСКИЙ МУЗЕЙ, ВУЛКАНЕШТЫ https://discovergagauzia.md/ru/attractions/istoricheskij-muzej-vulkaneshty/