Бортау
Көрініс
Бортау тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы |
22 км |
Ені |
12 км |
Биіктігі |
262 м |
Орналасуы | |
Елдер | |
| |
|
Бортау, Ақтау – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы жерінде орналасқан таулы қырат, Шыңғырлау және Елек өзендері аралығында.
Жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Абсолюттік биіктігі – 262 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 22 км-ге созылып жатыр, енді жері 12 км. Жер бедері тегіс, батысы мен шығысының сай-жыраларынан Ақсу, Шилі, т.б. кішігірім өзендер бастау алады.
Геологиялық құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бор, юра кезеңдерінің әктас, кварцит, құмтасты шөгінділерінен түзілген.
Өсімдігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жазық жерлерінде бетеге, боз, еркек шөп, т.б. астық тұқымдас өсімдіктер өседі.[1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы
- ↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8