Шыңғырлау
Шыңғырлау өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 290 км |
Су алабының ауданы |
6940 км² |
Су алабы | Жайық алабы |
Су ағысы | |
Бастауы | Шыбынды тауындағы бұлақтар |
• Орналасқан жері | Орал тауының оңтүстігі |
Сағасы | Жайық өзенінің сол жағы |
• Координаттары | 51°28′05″N 52°41′10″E / 51.46806°N 52.68611°E |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау, Бөрлі аудандары |
Шыңғырлау, Утва – Жайық алабындағы өзен.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау, Бөрлі аудандары аумағында. Ұзындығы 290 км, су жиналатын алабы 6940 км².
Бастауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орал тауының оңтүстігіндегі Шыбынды тауы (279 м) бұлақтарынан басталып, Бөрілі ауылының тұсында Жайық өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алабының жоғары бөлігі ұсақ төбелі, төменгі бөлігі белесті жазық. Арнасы ирелең, жағасы тік жарлы. Аңғары жоғарғы 60 км бөлігінде әлсіз қалыптасқан, ені 1 – 2 км, беткей биіктігі 5 – 15 м, ортаңғы бөлігінде айқын, ені 2 – 4 км, төменде 4 – 8 км-ге дейін кеңейіп, айналадағы ортамен тұтасып кетеді. Жайылмасы 2 км-ге дейін, төм. бөлігінде ескі арналар, тармақтар кездеседі. 30-дан астам саласы бар. Негізгілері: Қайыңдысай, Ұлысай, Ақбұлақ, Қараоба. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Көктемде тасып, жазда сабасына түседі, қыста қатады. Көп жылдық орташа су ағымы Кеңтүбек ауылы тұсында 5,64 м³/с. Сағасынан 244 және 250 км қашықтықта екі бөген салынған. Суы егіс суаруға пайдаланады.[1]