Мазмұнға өту

Барбара Буш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Барбара Буш
Barbara Pierce Bush
Барбара Буш
Лауазымы
Ту
Ту
АҚШ-тың Бірінші Ханымы
20 қаңтар 1989 жыл — 20 қаңтар 1993 жыл
Ізашары Нэнси Рейган
Ізбасары Хиллари Клинтон
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 8 маусым 1925 (1925-06-08)
Нью-Йорк, АҚШ
Қайтыс болуы 18 сәуір 2018 (2018-04-18) (92 жас)
Жұбайы Джордж Буш
Балалары Джордж, Джеб, Нейл

Барбара Пирс Буш (ағылш. Barbara Pierce Bush; 8 маусым 1925, Флашинг, Нью-Йорк - 18 сәуір 2018) - Америка Құрама Штаттарының қырық бірінші президенті Джордж Буштың әйелі, АҚШ-тың қырық үшінші президенті Джордж Буш-кішінің анасы және 1989-1993 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы.

Booth Memorial ауруханасында Нью-Йорктың маңайында 1925 жылы дүниеге келді. Балалық шағын Нью-Йорктың маңында өткізеді. Оның әкесі 60 жылдардағы әйгілі әйелдер журналының басып шығарушысы болды, ал анасы 1949 жылы көлік апатында қайтыс болады. Әкесінің жағынан АҚШ-тың он төртінші президенті Франклин Пирстің алыс туысы болып келеді.

Болашақ күйеуі Джордж Бушпен он алты жасында Жаңа жыл кешінде танысады. Бір жарым жылдан кейін Буштың әскерге кетуінің алдында атастырылу өтті. Авиацияда ұшқыш болған кезде Джордж Буш өзі ұшқан ұшақтардың бәрін болашақ әйелінің атымен атаған – «Барбара І», «Барбара ІІ», «Барбара ІІІ». Кезекті демалысы кезінде 1945 жылы 6 қаңтарда олар үйленеді. Соғыс аяқталған соң олар Мидленд, Техас штатына көшеді. Сол жерде оларда алты бала дүниеге келеді.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]