Баия
Баия (порт. Bahia) — Бразилияның 26 штатының бірі болып табылады, мемлекеттің шығысында орналасқан. Халық саны бойынша Сан-Паулу, Минас-Жерайс және Рио-де-Жанейро штаттарынан кейінгі төртінші орынды иеленеді. Ауданы бойынша - бесінші орында. Әкімшілік орталығы - Сальвадор қаласы. Штаттың атауын португал тілінен аударғанда, "мүйіс" деген мағынаны береді.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Солтүстікте - Алагоас, Пернамбуку және Пиауи, батыста - Токантинс жіне Гояс, оңтүстікте Минас-Жерайс және Эспириту-Санту штаттарымен шекараласады.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тропиктік белдеуде орналасқан. Штаттағы жылдық орташа температура +22 ºС. Штаттың орталығы - Сальвадор қаласында жаңбырдың қарқынды жау мезгілі - наруыз айнан шілде айына дейін, штаттың батысында — қазаннан нарузға дейін, ал шөлді солтүстігінде — ақпаннан сәуірге дейін.
Маңызды қалалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Сан-Салвадор-да-Баия-ди-Тодус-ус-Сантус
- Фейра-ди-Сантана
- Витория-да-Конкиста
- Ильеус
- Итабуна
- Камасари
- Жекие
- Алагоиньяс
- Баррейрас
- Порту-Сегуру
- Тейшейра-ди-Фрейтас
- Паулу-Афонсу
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Штаттың ресми сайты Мұрағатталған 28 қаңтардың 2016 жылы.