Мазмұнға өту

Минас-Жерайс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ми́нас-Жера́йс (порт. Minas Gerais) — Бразилияның шығысында орналасқан штат.

Шектесіп отырған штаттар: солтүстігінде Баия, шығысында Эспириту-Санту мен Рио-де-Жанейро, оңтүстігінде Сан-Паулу , батысында Мату-Гросу-ду-Сул мен Гояс; солтүстік – шығыстағы Федералдық бөліммен шағын шекараны құрайды. Әкімшілік орталығы — Белу-Оризонти қаласы.

Минас-Жерайс — Бразилия тұрғындары жағынан екінші орында және алып жатқан аумағы жағынан төртінші орында тұрған штат. Штаттың атын португал тілінен аударғанда «Басты кен» деген мағынаны береді.

Минас-Жерайс штаты

Штат шығысында, Бразилиялық қыраттың ең биік шыңында орналасқан және Атлант мұхитына шықпайды. Штаттың аумағының 90% шығыстың 300 м көп бөлігін, осының ішінен шамамен 25% шығыста 600 – 1500 м жатыр, осының арқасында Минас-Жерайс Бразилиядағы ең биік штат болып саналады. Штаттың шығыс жақ бөлігін Атланттық ормандар алып жатыр, солтүcтік аумағында каатингилармен кездеседі және ол құрғақ климатпен сипатталады. Штаттың қалған бөліктері серрадоға тиесілі – қалың, бәлекей бұташылар.

XVIII ғасырда Минас-Жерайстың аумағына назар аударыла бастады, осы жерде алтын, бағалы тастар мен алмаздар орналасқан болатын. Минас-Жерайстың бірінші астанасы Мариана қаласы болды; содан кейін астана Вила-Рика (Ору-Прету) қаласына көшірілді және уақыт өте келе Оңтүстік Американың улкен қалаларының бірі атанды. XIX ғасырдың аяғында қосымша шикізат аяқталып, қала өз атауын жоғалтты. Жаңа астана - Белу-Оризонти XX ғасырда тез көтерілді 1789 жылы Минас-Жерайста Бразилияның бостандығы үшін күрескен инконфиденттердің қастандықтары ашылды.

Минас-Жерайс штатының туын бразилиялықтардың өзі ойлап тапқан және ең ежелгі тулардың бірі: бұл ту бразилияның тәуелсіздігі үшін күрескендердін ұлттық туы болған, бірақ 1963 жылы тек штаттың туы болып қалды. Туда жазылған фраза, «Libertas quæ sera tamen», латын тілінен аударғанда «Бостандық, тез болмаса да мейлі» деген мағынаны білдіреді.[1][2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Минас-Жерайс «Вокруг света» энциклопедиясы
  2. Минас-Жерайс — мақала. Географиялық энциклопедиядан алынған
  3. Штат Минас-Жерайс. Минас-Жерайс — мақала. Большой советской энциклопедиясы