Мазмұнға өту

Ақ теңізі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ақ теңізі (орыс. Белое море) — Солтүстік Мұзды мұхиттың құрлыққа сұғына еніп жатқан ішкі теңізі. Ауданы 90 мың км2, орташа тереңдігі 67 м, ең терең жері 350 м (Кандалакша қолтығында). Жағасы шығанақтармен қатты тілімделген. Олардың ірілері: Мезень, Солтүстік Двина, Кандалакша. Аралдары көп, олардың бастылары: Соловец, Моржовец, Мудьюг. Теңізге Солтүстік Двина, Онега т.б. көптеген ұсақ өзендер көп мөлшерде тұщы су құяды. Сондықтан теңіздің беткі қабатының тұздылығы 25-26ү. Судың беткі қабатының температурасы 60-тан 14—150С-қа жетеді. Қыс айларында мұз құрсап жатады. Толқынының биіктігі ашық теңізде 1,1—3,5 м, Мезень қолтығында 10 м. Балықтардан майшабақ, семга, нәлім, теңіз аңдарынан итбалық ауланады. Порттары: Архангельск, Онега, Беломорск, Кандалакша. Ақ теңіз Балтық каналы арқылы Балтық теңізімен, Еділ—Балтық су жолы арқылы Азов, Каспий және Қара теңізбен жалғасады.