Ақ Ніл
Көрініс
АҚ НІЛ (араб.Бахр-ул-Абияд — ақ өзен) — Судан мемлекетіндегі Ніл өзенінің атауы, Әл-Газалдан Көгілдір Нілдің құяр жеріне дейінгі Ніл өзенінің сол жақ саласы. Ұзындығы 957 км. Жаздың аяғында және күздің басында суы тасиды. Осы кезеңде өзен суы ақшыл түске (реңге) енеді. Хартум қала тұсындағы орташа су шығыны 808 м3/сек. Қаладан 40 км жоғарыда Гебел — Аулия бөгеті салынған. Өзен егін суаруға, суландыруға, кеме қатынасына пайдаланылады. Онда балық ауланады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |