Мазмұнға өту

Ацтектер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ацтектер
әстектер
Бүкіл халықтың саны

1 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Мексика

Тілдері

науатль тілі, испан тілі

Діні

католицизм

Ацтектер (көне атауы — әстектер, науа) — пост-классикалық кезеңдегі 1300-1521 жылдар аралығында Орталық Мексикада өмір сүрген Мезоамерикалық өркениет өкілдері. Ацтектер құрамына Орталық Мексиканың көптеген этникалық топтары кірген. Олардың ішінде науатль тілінде сөйлейтіндер басым болған. Ацтек мәдениеті қала-мемлекеттер (альтепель) аумақтарында шоғырланып, олардың бірқатары одақтарға, саяси конфедерациялар немесе империяларға бірігіп отырған. Ацтек империясы 1427 жылы негізі қаланған үш қала мемлекет конфедерациясы болған. Ол үш қала қатарына Мешика немесе Теночка астанасы болған Теночтитлан, Тецкоко және Тлакопан кірді. Ацтек[1] ұғымы көбіне Теночтитланды мекен еткен мешикаларға қатысты атау болғанымен, науа адамдарының саяси бірлестіктеріне немесе испан отарлауына дейінгі Мексикада мекен еткен халықтарға қатысты да қолданылады.[2] Ацтек пен ацтектер анықтамасына байланысты академиялық пікірталас осы терминді Александр Гумбольд XIX ғасырдың басында жалпы қолданысқа енгізгеннен бері жалғасып келеді.[3]

1519 жылдағы Мезоамерикадағы Ацтек империясы

Ацтектер науатль тілінде сөйлеген. Қазіргі уақытта бұл тілде 1.5 миллион адам сөйлейді. Сөйлеушілердің басым бөлігі орталық Мексика штаттарының таулы аумақтарында тұрады. Испан отарлауы әсерінен испан тілі де кең таралған. Испан тілінің мексикалық нұсқасында науатльден жүздеген кірме сөз бар. Сондай-ақ кейбір сөздер испан тіліне ортақ болып, әлемнің басқа да тілдеріне еніп кеткен.[4][5][6]

Мексиканың көптеген аумақтарындағы, басым бөлігі Ацтек империясының тарихи шекаралары қамтыған орталық Мексикада, ауылдар, қалалар мен өңірлердің атаулары науатльше аталып, сол қалпында қолданыста қалып қалған. Одан бөлек ацтектердің испан отарлау экспедицияларына қосымша жауынгерлік күш ретінде Жаңа Испанияның біраз аумағын картаға бірлесіп түсіруге қатысқан. Сол себепті де бастапқыда науатль емес, басқа тілдердегі топонимика кейінгі кезеңдерде науатльдегі атауларымен сақталып қалған.[7] Мехико қаласында ацтектердің басшылары құрметіне қойылған атаулар бар. Олардың қатарында Мехико метросының 1-желіснің станцияларына II Монтезума және Куаутемок есімдері берілген

Адамды құрбандыққа шалу рәсімі

Ең жоғарғы құдайлар Ометекухтли мен Омесихуатль болды. Одан кейін олардың балалары, жер мен аспанды жаратқан ағайынды Тецкатлипока мен Кецалькоатль келді. Тецкатлипока соғыс құдайы және жас жауынгерлердің қамқоршысы болды. Кецалькоатл ауыл шаруашылығының негіздерін үйретті және қолөнер мен жазуды қорғады. Ағайындылардан басқа табиғат элементтеріне жауапты Тлалок құдайы болды, ал егіншілік пен құнарлылық құдайы ерекше құрметтелді. Барлық жоғарғы құдайлар адам құрбандығын талап етті. Ацтек діні ең қатыгез және қанды болып саналады. Бас діни қызметкерлер болды, оларға бағынышты белгілі бір рәсімдерді орындау үшін жеке діни қызметкерлер және жеке құдайлардың діни қызметкерлері болды. Ацтектер жердегі өмірді ұзарту үшін құрбандықты ерекше қажеттілік деп санады.

XVI ғасырда испан жаулап алушылары келгеннен кейін халық католицизмді қабылдауға мәжбүр болды.[8]

Аңыздарда Ацектердің Астлан (бірқазан) деген елден шыққаны айтылады. 12 ғасырда басқа да көшпелілермен бірге Ападак жазығындағы отырықшы халықтарды жаулап алған. 1325 жылы Теночтитлан мемлекетін — қазіргі Мексиканы құрады, 1427 жылы Андан жазығын, соңынан Мексиканың орталық, батыс, Оңтүстік жағын тұтас бағындырып, 15 ғасырдың ортасында күшті мемлекеттік болған. [9]

Халықтың шамамен жиырма пайызы егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысқан, бұл әсіресе өркениеттердің көпшілігі үшін экономиканың негізі болған уақыт болып саналады. Ацтектердің жүгері, қызанақ, кәді, темекі және асқабақ өсірді. Олар егіс алқаптарын суарудың, тыңайтқыштарды қолданудың түрлі әдістерін жасап үлгерген. Олардың өркениетінің тән ерекшелігі - қалқымалы аралдардың болуы. Бұлар жасанды түрде толтырылған топырақты аралдар болды, олар белгілі бір жерлерге қадалармен бекітіліп, қажет болған жағдайда өзендер мен көлдердің бойымен қозғалады. Оларда тікелей мал өнімдері өсірілді, олардан балық аулау жүргізілді, теңіз, өзен, көлдерден өнімдер жиналды.

Шаруашылықта игілікті іс-әрекеттер де маңызды рөл атқарды: аңшылық, терушілік, балық аулау. Ацтектер аң аулау кезінде әртүрлі тұзақтарды пайдаланды. Олардың арасында саудамен айналысатындар да болды.[10]

Тұрмыс салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Адамдар белгілі бір әлеуметтік жағдайға ие болды, бірақ тапқа бөлінушілік болмады. Жерді жеке адам емес, рулық қауымдастық иеленді және шешімдердің көпшілігі, мысалы, американдық жазықтардағы үндістер сияқты, халықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Егер ұсыныс адамдарға ұнамаса, онда олар өздерінің келіспеушіліктерін айқайлап айтады. Егер олар оны мақұлдаса, олар найзаларын қағып белгі береді.[11] Дәстүрлі отбасы шағын немесе кеңейтілген (4 ұрпаққа дейін), патрилокалды немесе неолокалды болды. Туыстық есеп патрилинейлік болып табылады. Қоғамдастықты сайланбалы кеңес басқарады, қалаларда – муниципалдық билік өкілі басқарады.

Елді мекендерді 4 кварталға бөліп қарастырған. Тұрғын үйлері бір бөлмелі, төртбұрышты, қабырғалары саманнан, қамыстан немесе тастан жасалған, жалпақ төбесі сабанмен, агава немесе пальма жапырағымен жабылған. Қосалқы құрылыстарына бу моншасы – темазкал, тік бұрышты төбесі тегіс немесе жарты шар тәрізді дөңгелек, биік торлы сарайлар, конустық төбесі бар саманнан жасалған биік дөңгелек астық қоймалары жатады.

Ерлер киімі негізінен жалпы мексикалық үлгіде, серане шекпендері мен тоқылған шүберек белбеулер тағады. Әйелдер оюлы дипилер, шашкечкемитали, жамылатын салы (ребосалар), ұзын белдемше (чинкуетелер) киеді, оюлы белбеулер (фокалар) тағынады.

Ұлттық тағамы — тортильиден, чиле бұрышы қосылған бұршақтан, жүгері ұнынан жасалған сұйық ботқа. Агава шырынынан пульке ішімдігін, қант құрағынан — арақ жасайды.

Ежелгі күнтізбелік әдет-ғұрыптар (қырандар биі-Воладор, Кецаль биі), испандық дәуірге дейінгі музыкалық аспаптар (флейта, барабан, сылдырмақ, т.б.), фольклор (әндер, ертегілер) сақталған.[12]

Билеушілері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ицкоатль (1427-1440)
  • I Монтесума (1440-1469)
  • Ашаякатль (1469-1481)
  • Тисок (1481-1486)
  • Ауисотль (1486-1502)
  • II Монтезума (1502-1520)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Why are Aztecs called Mexicas? (4 November 2023).
  2. e.g.Үлгі:Harvnb
  3. Үлгі:Harvnb
  4. Cáceres-Lorenzo, 2015
  5. Frazier, 2006
  6. Haugen, 2009
  7. Van Essendelft, 2018
  8. Религия ацтеков - кратко https://www.istmira.com/drugoe-drevniy-mir/17391-religija-actekov-kratko.html
  9. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
  10. Как жили древние ацтеки: общество, жертвоприношения, наука https://nauka.club/istoriya/kak-zhili-drevnie-atsteki-obshchestvo-zhertvoprinosheniya-nauka.html?ysclid=lpnsgud0r6489306471
  11. ПРОИСХОЖДЕНИЕ АЦТЕКОВ: ИСТОРИЯ И ГЕОГРАФИЯ http://www.k2x2.info/istorija/acteki_maija_inki_velikie_carstva_drevnei_ameriki/p2.php?ysclid=lpnryjkhd5121889197
  12. народы мира / Ацтеки http://www.etnolog.ru/people.php?id=ACTE