Мазмұнға өту

Жаңа Испания

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
1763-1801 жылдардағы Жаңа Испания территориясы

Жаңа Испания (Испанша: Virreinato de Nueva España [birejˈnato ðe ˈnweβa esˈpaɲa]; Науатльше: Yankwik Kaxtillan Birreiyotl), Испания империясының Америка құрлығын басып алу кезіндегі аумақтарды біріктірген саяси құрылым болған. Астанасы Мексико қаласы болды. Жаңа Испания юрисдикциясына Солтүстік Американың көп бөлігі, кейін Мексика мен АҚШ-тың оңтүстік-батысы болған аумақ, Калифорния, Флорида, Луизиана жерлері, сонымен қатар, Орталық Америка, Кариб аралдары мен Оңтүстік Американың солтүстігіндегі кейбір аумақтар, Тынық мұхитындағы архипелагтар, Филипиндер пен Гуам аумақтары жатқан. Қосымша, Азиядағы колониялар қатарына испаниялық Формоса (Тайвань аралы) да қатар кірген.

Жаңа Испания патшалығы Ацтек империясы жаулап алынғаннан кейін 1521 жылдың 18 тамызында құрылған. Алғашқы экспедицияларға қаржыны Изабелла патшайым бөліп бастаған. Жаңа Испания Испания Патшалығына толықтай бағынғанымен, ол колония ретінде емес, Испан коронасының бір бөлшегі болып есептелінді және оның басшысы да монарх болды.