Мазмұнға өту

Аутизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аутист бала

Аутизм — ми дамуының бұзылуынан туындайтын және әлеуметтік өзара әрекеттесу мен қарым-қатынастың айқын және жан-жақты жетіспеушілігімен, сондай-ақ шектеулі мүдделермен және қайталанатын әрекеттермен сипатталатын ауытқу болып табылады. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың есте сақтау қабілеттілігі жоғары болады. Математика және музыка салаларында дарынды, тіпті бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Аутизм белгілері үш жасқа дейін байқала бастайды.

Аутизмнің себептері мидағы синаптикалық байланыстардың жетілуіне әсер ететін гендермен тығыз байланысты, дегенмен аурудың генетикасы күрделі және қазіргі уақытта аутизм спектрінің бұзылуының пайда болуына не әсер ететіні белгісіз.Сирек жағдайларда аурудың туа біткен ақауларды тудыратын заттардың әсерімен байланысы анықталады. АҚШ мәліметтері бойынша 2011-2012 жылдары аутизм және аутизм спектрінің бұзылуы мектеп оқушыларының 2% - да ресми түрде анықталған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1,2% - ға көп. Аутизм байқалған адамдардың саны 1980 жылдардан бастап күрт өсті, бұл ішінара диагностикалық тәсілдердің өзгеруіне байланысты. Ауытқудың нақты себебі әлі күнге дейін белгісіз.

Терминнің шығуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы швейцар психиатрі Э.Блэхер ұсынған. Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген америка психиатрі Лео Каннер. Балалық аутизмі әр түрлі болады және зиятпен сөйлеу дамуының деңгейлері әр түрлі болады.

Аутизм көрсеткіші

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Л.Каннер бойынша ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді: аутистикалық уайымдар, стеротипі, үйреншікті, бір қалыпты мінез-құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер.

Аутист балалардың топтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аутист бала сұрақ қоймайды және жауап та бермейді, мимика, ым-ишарат (жест) арқылы қарым-қатынас жасаудан бас тартады. Аутист балаларды 4 топқа бөлуге болады:

  1. аурудың ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар безушілік, ортадан оқшаулау, еш нәрсеге көңіл аудармау ерекшеленеді, көп уақытын түңілумен өткізеді. Мұндай балалар сөйлемейді, адамдарға, адамның көзіне және бір нәрсеге көзін тікпейді, күлмейді, жыламайды. Атын атап шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай, ешқандай реакция білдірмейді. Олар бір жері ауырып жарақаттанса, қарындары ашып, тоңғанды сезбейді. Үй ішінде бағытсыз ары-бері жүреді, жиһаздардың үстіне шығады, терезенің алдында тиспесең бірнеше сағаттар бойы отыра береді. Үлкен адам мұндай баланың назарын аударайын деп тырысқан жағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, яғни қатты қарсылық көрсетеді.
  2. Бұл топтың балалары адамның көзіне тіке қарамайды, басқа нәрселерге де көзін тіке қадап, бағытты түрде қарай алмайды, бірақ нәрселердің өздері, өздерінің түрлері мен дыбысымен сыртқы пішінімен балалардың назарын өздеріне аудартқызады. Мысалы: кілем немес алаша біткенше жүре береді. Бұл балалардың бір қалыптылығы сағаттар бойы терезеде отырып бір бағытқа қарап отыра береді. Ал бір нәрсе керек болса, олар үлкен адамды ертіп апарып, керекті нәрсеге қолын салады.
  3. Балалар аздап белсенді, олар қоршаған ортадан толық безбеген бетінде қорқыныш бар, қимылдары еркін емес, сөздері түсініксіз, бір сөзді қайталай береді, күрлмеліп сөйлейді, қимылдары импулсьсивті, яғни отырып-отырып аяқастынан жүгіріп кетеді, өзін-өзі жарақаттайды. Бұл топтағы балалар өте дауласқыш, еш өкінбейді, бәрін керісінше жасайды. Бала өзіне ұрысқанды қалайды,тек өзі сөйлейді, ешкімді тыңдамайды, сөйлеткізбейді. Сөйлегені өте жылдам, дыбысы қатты. Сөзі монолог түрінде. Кейде ересек адам сияқты, күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді. Сөз қоры жақсы, бірақ та диалог құрастыра алмайды.
  4. Бұл балаларда аутизмнің жеңіл түрі. Балалардың мимикасы шектеулі, алаңдаушы болып келеді, сондықтан сөздері жай, көздеріне қарай алады, бірақ тұрақсыз. Олар ұялшақ, жасқаншақ болып келеді. Олар өтірік айту, алдауды білмейді.

Аутист балаларға арнайы көмек көрсету

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ресей ғалымдарыың мәліметтері бойынша уақытымен түзетушілік көмек көрсетілген жағдайда аутист балалардың 60 пайызы жалпы білім беру бағдарламалары бойынша, 30 пайызы арнайы білім беру бағдарлама бойынша оқуға қабілетті, ал 10 пайызы отбасында әлеуметтенуге мүмкіндіктері бар. Бірақ түзетушілік көмексіз қалған жағдайдағы балалардың 75 пайызы әлеуметтік ортаға бейімделе алмайды, 22 -23 пайызы шамалы бейімделеді, тек 2-3 пайызы әлеуметтік бейімделудің жеткілікті деңгейіне жетеді.

Аутист балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек көрсетуді бастаған, бірақ ол кезде нақты оқыту мен түзетудің әдіснамалық, ғылыми негіздемесі болмаған.

Қазіргі уақытта балалық ерте шақтағы аутизмді түзетудің әдістемелік негіздері әр түрлі. Жиі кездесетін бихевиористік психологияның негізінде операнттық оқыту (мінез-құлықтық емдеу).

Бұл түзету әдісі АҚШ-та және басқа да елдерде кеңінен тараған. Әдістің негізі қажетті қылықты, әрекетті қалыптастыру үшін сыртқы жағдайларды арнайы қамтамсыз ету, әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу, сөйлеу тілін дамыту, оқу немесе еңбек ету дағдыларына үйрету. Бұл әдіс бойынша оқытылған балалардың 50-60 пайызы жалпы мектеп бағдарламасын меңгере алады, кейін орта, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыра алады.

Операнттық оқыту әдістен басқа шет елдерде ТЕАССН атты бағдарлама (Э.Шоплер,Р.Райхлебер), холдинг терапия (М.Уелш) күнделікті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету арқылы емдеу (К.Китахара) т.б тәжірибеде жиі пайдаланады.

Ресейлік тәжірибеде ең танымал К.С.Лебединская мен О.С.Никольскаяның аутизмді түзетудің кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық әдістемесі. Бұл әдістеменің негізгі ерекшелігі дәрігер, педагог пен психологтардың бірлесе, тығыз байланыста жұмыс жасау. Өткен ғасырдың ортасынан бастап балалық ерте жастағы аутизмді зерттеулер басталуына қарамастан, қазіргі уақытқа дейін арнайы кешенді көмек көрсету жүйесі құрастырылмаған.

Бұл жерде кейбір балаларды жалпы мектептегі арнайы сыныптарда оқыту тәжірибесі бар екенін айту керек. Бірақ сол балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қажеттілігі негізгі талап.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]