Ара сүті
Ара сүті - жұмысшы бал арасының безінен шығатын биогендік қасиеті бар зат. Жұмысшы ара болатын балаңқұрттарды 3 күнге дейін, аталық аралардың құрттарын жетілдіргенше, ал ана арасы - өмір бойы қоректендіреді.
Химиялық құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ара сүті - ақ түсті, қоюлығы кисель тәрізді қышқыл дәмді сұйықтық. Құрамы күрделі:
ақуыздарына ұқсас ақуыздар,
- 8—19% қанттар, (глюкоза, фруктоза, сахароза)
- 2—9% майлар
- 1% астам минералды тұздар
- және дәрумендер: А, Д, С, В1, В2, В3, В6, В12, В15, Н, Е, РР,
пантотен қышқылы
т.б.[1]
Ара сүтінде микробтар көбеймейді, себебі құрамында гермицидин бар.
Зат, % | Баланқұрттың жасы | |||||
---|---|---|---|---|---|---|
2 күн | 3 күн | 4 күн | 5 күн | 6 күн | 7 күн | |
Ақуыз | 18,9 | 10,4 | 10,1 | 9,4 | 9,0 | 10,6 |
Майлар | 8,6 | 4,9 | 6,0 | 4,2 | 4,3 | 2,6 |
Қанттар | 11,2 | 8,3 | 9,5 | 11,2 | 10,2 | 13,8 |
Қолдануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ара сүтін құрғатып, одан дәрі дайындайды. Ара сүті жас баланың тәбеті төмендегенде және ересек адам гипотония, себорея (бет терісінің ауруы) ауруларымен ауырғанда, жүйке жүйесі қызметі бұзылғанда қолданылады. Ара сүтін Адиссон ауруымен ауыратын адамға беруге болмайды, сондай-ақ, бұл дәріге ағза сезімтал келіп қабылдамайтын болса, онымен емдеу мөлшерін азайтады не тоқтатады.
Және ара сүтінде силденафилге құрамы ұқсас заттар табылған. Сол себепті ара сүтін еркектердің белсіздігін - ипотенцияны емдеуге қолданады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ [http://www.beeproduct.narod.ru/pp-milk.htm Маточное молочко]
- Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Ара сүті