Анд таулары
Анд таулары | |
Анд тауларының ғарыштан көрінісі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Ұзындығы |
9000 км |
Ені |
500 км |
Ең биік шыңы | |
Биіктігі |
6960 м |
Орналасуы | |
32°39′10″ о. е. 70°00′40″ б. б. / 32.65278° о. е. 70.01111° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 32°39′10″ о. е. 70°00′40″ б. б. / 32.65278° о. е. 70.01111° б. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
|
Анд таулары, Анд Кордильерасы – Жер шарындағы ең ұзын (9000 км) тау сілемі, ең алып Кордильера тау жүйесінің Оңтүстік Америкадағы бөлігі. Ол Оңтүстік Американың Тынық мұхит жағалауын бойлай, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла жатқан тау тізбектен тұрады.
Геологиялық құрылымы
Анд таулары Анд (Кордильера) геосинклинальдық қатпарлану белдеуінің (альпілік қатпарлану кезінде) қайта көтерілген кезіндегі жас таулар. Сондықтан қазіргі кезге дейін жиі болып тұратын күшті жерсілкінулер олардағы тектоникалық процестердің әлі де тоқтамағанын көрсетеді. Мұнда бірнеше сөнбеген жанартаулар бар. Олардың ішінде Жер шарындағы ең биік сөнбеген жанартау ошағы – Льюльяйльяко (6723 м) осында орналасқан.
Жер бедері
Жер бедерін меридиан бойымен созылып жатқан, ішкі тау аңғарлары мен үстірттерден тұратын жоталар тізбегі құрайды. Олар табиғи ерекшеліктері мен геоморфологиялық құрылысына қарай: Кариб Анд таулары, Солтүстік-Батыс Анд таулары, Эквадор Анд таулары, Перу Анд таулары Чили-Аргентина және Патагония Анд таулары болып бөлінеді. Бұл таулардың қатпарлы-жақпарлы тік құламалы шатқал беткейлерін көптеген өзен аңғарларымен тілімденген. Орта тұсында ені кең болып келген Пуна таулы үстірті орташа биіктігі 4000 м болатын ішкі аймақты құрайды.
Су торабы, климаттық белдеулері
Анд тауының осы тұсында тектоникалық процестер нәтижесінде пайда болған көлдер жиі кездеседі. Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең биік орналасқан Титикака көлі (3812 м) осында орналасқан. Анд таулары 6 климаттық белдеуде (экваторлық, солтүстік және оңтүстік субэкваторлық, тропикалық, субтропикалық және қоңыржай) жатыр. Тау жүйесі арқылы Амазона, Парана, Ориноко, т.б. өзендер бастау алатын мұхитаралық суайрық өтеді. Экваторға жақындау орналасқан климат белдеуі аймағында жауын-шашын өте көп жауады (3000-6000 мм). Анд таулары – хин ағашының, кок, картоп, т.б. құнды да дәрілік өсімдіктердің отаны. Анд таулары жануарлар дүниесіне өте бай.[1]
Галерея
Аконкакуа көрінісі. | Орталық Андылар | Орталық Андылардың ғарыштан көрінісі |
Дереккөздер:
- ↑ Қазақстан балалар энциклопедиясы