Мазмұнға өту

Андрогиния

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Андрогиния (лат. andros - ер, gunes - әйел) – америкалық психолог С.Бем енгізген, өз бойында ер адамға да әйел адамға да тән дәстүрлі қаситеттерді қатар үйлестірген адамдарды сипаттау үшін алынған түсінік – термин. А. ер адамға да, әйел адамға да тән психологиялық қасиеттерді қатар үйлестіретін индивидтің жыныстық-рөлдік сәйкестілігі. Бірнеше онжылдықтар бұрын ата-аналар мен мұғалімдерге балалардың мектепке бару кезеңіне қарай өз жынысына тән мінез-құлықты игеруге бар күш-жігерлерін салу ұсынылған. Көптеген зерттеулер ер адамдар мен әйелдер арасындағы психологиялық айырмашылықтар жыныс арасындағы айрмашылықтан гөрі, ер балалар мен қыздардың отбасылық тәрбиесі, сондай-ақ оларға әлеуметтік ортаның әсер етуі салдарынан пайда болып дамитынын көрсетті. Ер адамдарға (маскулиндік) және әйелдерге (фемининдік) тән қасиеттер өзара тәуелсіз сипаттамаларға ие болып, бңрңмен бірі түйіспейтін жекелеген екі континиумдерде ғана орналасуы мүмкін. Фемининділік пен маскулинділік деңгейін өлшейтін көптеген тестілер осы принципке негізделген. Осы тестілердің негізінде әрбір адам өзінің ер немесе әйел екеніне қатыссыз мына төрт топтың біріне жатуы мүмкін: маскулиндік индивидтер (атаққұмарлық, табандалық, батылдық тәрізді дәстүрлі еркектік қасиеттері айқын танылатын адамдар); фемининдік индивидтер (аффективтілік, жұмсақтық секілді әйелге тән қасиеттері басым адам); андрогиндер, өз бойында дәстүрлі әйелдік әрі еркектік қасиетті үйлестіргендер; маскулиндік немесе фемининдік белгілері көмескі, яғни психологиялық жыныстық сәйкестігі айқындалмаған адамдар. Бұдан байқалатыны: андрогинияның адамның жағдайға байланысты мінез-құлқын өзгерте алу қабілетінің психологиялық сипаттамасын айқындауда маңызы зор екендігі. А. стреске (титықтау) қарсы табандылық танытуда, тұрмыс-тіршіліктің әртүрлі саласында табысқа қол жеткізуге септігін тигізеді. Бұл жағдай әрі қарай психологиялық дезадаптация проблемасын болдырмаудан туындаған. Ал өазіргі заманда психологиялық әдебиеттерде тек маскулиндік немесе фемининдік бір жақты екпін жасау әйелдердің де, еркектердің де эмоциялық және интеллектуалдық дамуын шектейтіні жөніндегі көзқарастар көптеп таралуда. Психологтардың тұжырымдауынша, бір адамның өзінде позитивті еркектік және әйелдік қасиеттер де бола алады. Еркектер де, әйелдер де бірдей атаққұмар, сенімді, адал, мейірімді, нәзік, сезімтал бола алады. А. әдеттегіден өзгеше болатын тәрбиенің нәтижесінде қалыптасады, яғни егер отбасында ата-аналар А. тұлғаларға тән мінез-құлық моделін көрсетсе, ал екіншісі оны қолдаса, бала олардың осындай ұстанымын және мінез-құлқын және мінез-құлқын меңгеріп алады. А. адамның треске төзімділігін, мінез-құлық икемділігін, өмірдің түрлі аумақтарында сәттілікке жетуді қамтамасыз етеді. Сондықтан кейінгі кездегі жыныстық психологиялық зерттеулер тек феминдік немесе мускулиндікті қалыптастыру мәселесімен ғана емес, сондайақ А. да қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін іздеу жолында. .[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6